М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Филология кафедрасындағы ғылыми-әдістемелік семинар


2023 жылғы 30 қыркүйек күні Филология кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи оқу барысында қолданылатын жаңа формалар, әдістер, оқу-әдістемелік құралдар» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарды өткізген - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультетінің орыс тілі кафедрасының доценті, шетел студенттерімен жұмыс жөніндегі филология факультеті деканының орынбасары Галина Евгеньевна Кедрова.





Г.Е. Кедрова заманауи оқытушы мен зерттеушіге қажет жаңа ақпараттық құзыреттіліктерді дамыту мақсатында Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалындағы әріптестері үшін бірнеше рет семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарын өткізіп келеді.


Ең алдымен, семинарға қатысушылардың оқыту процесінде қолданатын танымал және «үйреніскен» әдістемелік құралдарын және әлі де жетіспейтін құралдарды анықтау үшін ақпараттық технологиялар ресурстарының жеке тізімін құрастыру ұсынылды. Осындай тапсырма орындатудан соң Г.Е. Кедрова ресейлік түрлі жоғары оқу орындарындағы оқытушылар пайдаланатын заманауи интернет ресурстары туралы ақпараттармен бөлісті. Оның ішінде кітапхана ресурстары, сөздіктердің толық тізімі бар веб-сайттар, мәтіндік корпус, сонымен қатар мұғалімнің әдістемелік қорын кеңейте алатын MindMeister, Quizizz, Joyteka сияқты бағдарламалар мен жаңа қосымшалар қаралды.


Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының филология кафедрасы Галина Евгеньева Кедроваға заманауи ақпараттық технологияларды оқытуда да, ғылыми қызметте де қолдану жолдары туралы көбірек білуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді және алдағы уақытта да осындай ынтымақтастықты асыға күтеді!

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.