12.10.2023

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндегі «Экономика» бағытының бірінші курс студенттеріне өткізілген сабақ


ММУ Қазақстан филиалында өтіп жатқан Ғылым фестивалі 0+ аясында Филиал әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры А.И. Оразбаева студенттерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болып, олардың тарихқа терең бойлап, еліміздің мәдени ескерткіштерімен танысуына мүмкіндік берді.




Экскурсияда студенттер мұражайдың бірнеше залдарын аралады.


Ежелгі және ортағасырлық тарих залында профессор Оразбаева және мұражай қызметкері Қазақстан аумағында алғашқы мәдениеттердің пайда болуы, алғашқы тайпалардың өмірі мен олардың дамуы, Ботай және Андронов мәдениеттері туралы әңгімеледі. Мұндағы Ұлы Жібек жолы көрмесінен, атап айтқанда, сол кездегі тауарлар көрмесінен студенттер үлкен әсер алды.


Көне түркі тарихы залында студенттер түркі мемлекеттерінің тарихымен танысып, әйгілі Күлтегін ескерткішін көрді.


Ежелгі Дала өнері мен технологиясы залы Филиал студенттерінің жадында Алтын адамның экспозициясы және көптеген алтын бұйымдары суретімен жатталып қалды.