08.11.2023

Филиал профессоры математика бойынша Халықаралық конференцияға қатысты


2023 жылғы 29 қазан мен 3 қараша аралығында Ресей Ғылым Академиясының (Мәскеу қ.) В.А. Стеклов атындағы Математика институтында профессор В.Н. Темляковтың 70 жылдығына арналған «Сызықты емес аппроксимациялар және дискретизация» атты халықаралық конференция болып өтті.




Осы конференцияға іргелі және қолданбалы математика кафедрасының профессоры Ақышев Ғабдолла Ақышұлы қатысып, «Лоренц кеңістігіндегі көп айнымалы функциялардың ең жақсы n-мүше жуықтауларын бағалау туралы» тақырыбында баяндама жасады.


Конференция М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірлесіп «Талдау және аппроксимация теориясы» Халықаралық тақырыптық бағдарламасы аясында өтті. Конференцияға Ресейден, Қазақстаннан, Германиядан, Канададан, АҚШ-тан, Үндістаннан талдау және аппроксимация теориясы бойынша белгілі мамандар қатысты.



Мәтін: Іргелі және қолданбалы математика кафедрасы

Фото: Math-Net.Ru жалпыресейлік порталы