04.12.2023

Филиал директоры А.В. Сидорович «Еуразиялық экономикалық перспектива-2023» атты XI Жыл сайынғы Халықаралық форумның пленарлық мәжілісінде сөз сөйледі


«Еуразиялық экономикалық перспектива – 2023» атты XI Жыл сайынғы Халықаралық форумды 28-29 қараша күндері Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті өткізді. Биылғы жылдың басты тақырыбы – «Жаһандық трансформация жағдайындағы Үлкен Еуразияның экономикалық кеңістігінің тұрақтылығы, бейімделуі және өзін-өзі анықтауы».



© Фото / ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі


Мәжілістерге еуразиялық экономикалық интеграцияға қатысушы елдердің заң шығарушы және атқарушы билік органдарының өкілдері, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының, ТМД Атқару комитетінің мүшелері, Еуразиялық университеттер қауымдастығының жетекші ЖОО ректорлары, ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ, экономистер, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, іскер топ өкілдері қатысты.


ММУ Қазақстан филиалының директоры, Еуразиялық университеттер қауымдастығы Атқару комитетінің төрағасы, ММУ құрметті профессоры А.В. Сидорович Форумның пленарлық мәжілісінің жұмысына қатысты. Александр Владимирович Мәскеу университетінің ректоры академик В.А. Садовничийдің қошемет сөзін оқып берді және «Еуразиялық интеграцияның материалдық емес факторлары» тақырыбында баяндама жасады.




«Еуразиялық экономикалық перспектива» Жыл сайынғы Халықаралық форум - еуразиялық интеграция мәселелері бойынша диалог жүргізілетін, сондай-ақ еуразиялық мемлекетаралық ынтымақтастық перспективалары бойынша пікір алмасатын негізгі конгресс алаңдарының бірі болып табылады.


Форумды Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті (СПбМЭУ) ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитеті және Еуразиялық университеттер қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады.