08.12.2023

Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдерімен кездесу


2023 жылғы 5 желтоқсанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі өкілдерінің «Экономика» және «Филология» мамандықтары бойынша 4 курс студенттерімен кездесуі болып өтті.







Агенттік ұлттық қаржы мониторингі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін жалғыз үйлестіруші мемлекеттік орган болып табылады. Студенттер Агенттік және оның жұмысы, іріктеу кезеңдері мен жұмыс шарттары туралы толық ақпарат алды.


Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдеріне ММУ Қазақстан филиалы қызықты кездесу үшін өз алғысын білдіреді!