2024 жылдың 1 қазаны мен 15 қарашасы аралығында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы Мәскеу университетінің 270 жылдығына арналған «Ең жақсы өлең жолдарымды саған арнаймын, ММУ!» атты жыр байқауын өткізді. Байқауға қатысушылар – Филиал студенттері өз альма-матер мерейтойына арналған түпнұсқа мәтіндерін қазылар алқасының талқысына жолдады. Шығармалардың жанр жағынан сан алуан түрлі болғаны құпталды. Байқаудың қазылар алқасының құрамында ММУ және ММУ Қазақстан филиалының филолог-әдебиетшілері енді.
Студенттерден келіп түскен 30-дан астам мәтіндерді бағалап, қазылар алқасы байқаудың келесі жеңімпаздарын анықтады:
1 орын – Александр Цындря (Ф-21) – «270 лет Великого Пути» - «Ұлы Жолдың 270 жылы» одасы;
2 орын – Артем Форер (Ф-11) – «Моему МГУ» - «Менің ММУ-іме» жолдауы және Владислав Жұмабаев (Ф-11) – «Наш МГУ» - «Біздің ММУ» жолдауы;
3 орын – Эмиль Такешов (Г-11) – «Лучшие строки тебе, МГУ!» - «Ең жақсы өлеңім саған, ММУ!» арнау өлеңі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға поэзия өнеріне деген қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз. Үздік авторлық мәтіндер «Тенгри» әдеби клубы әзірлейтін альманахта жарияланады.