М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь
«Тенгри» клубының мүшелері шығармашылық шабытта!

2020 жылғы 27 қараша күні ММУ Қазақстан филиалындағы «Тенгри» әдеби клубының кезекті әдеби отырысы болып өтті.

О Тенгри


Көркем әдебиетті жаны қалайтын жастар клуб жұмысымен танысу үшін және өздерінің қаламынан сиясы кеппей жазылған шығармаларын ортаға салуға асықты.


Власова Г.И.


Филология кафедрасының меңгерушісі, клубтың ұйымдастырушысы Галина Ивановна Власова кездесуге қатысушыларға сонау 2011 жылы, осыдан тура 9 жыл бұрын «Филиалым, сені жырлаймын!» атты өлеңдер жинағы шығарылғаны туралы айтып берді. Сонымен бірге, «Тенгри» клубының іс-әрекеті туралы таныстырылымды көрсетті.

«Тенгри» клубының мүшелері клубтың жаңа төрағасымен – «Филология» бағытында оқитын екінші курс студенті Дарья Панёвамен танысты. Танысып болған соң-ақ жаңа төраға жұмысына бірден кірісіп, әрі қарай іс-шараны өз қолына алды.


Участники


Бірінші курс студенттері өздері жазған өлеңдерін оқып, екінші курс студенттерінен бағалы қолдау сөздерін естіді. Сонымен бірге үлкендердің де - Галина Ивановна Власованың және Анжелика Мирзониджотовна Чепкованың мақтаулары олардың төбелерін көкке жеткізгендей болды.


Студенттердің шығармашылығы өмірдің барлық қырына арналған, махаббат, өмір күресу, дала әуендері, пейзаждық лирика, философиялық толғау т.б. тақырыбындағы өлеңдер болды. Жиналып отырғандарға дайындық курсының тыңдаушылары да Даша Чернышова мен Диана Костишина келіп қосылды, олар да болашақта өз таңдауларын «Филология» саласымен байланыстырмақшы екен. Филиалдың студенттерімен біріге отырып, олар да клуб мүшелерінің шығармашылықтары туралы өз пікірлерін білдірді.

Қатысушылар атап өткеніндей, «Тенгри» клубы студенттердің шығармашылықтары дамуына, жетілуіне ынталандыратын орта құраған, клубтың жұмысы студенттер арасында көркем шығармашылық рухы мен өзара дамуға қолдау көрсету ортасын құра алған. Осы клуб арқылы студенттер өздері жазған көркем шығармашылық туындыларын шкафқа немесе дәптер парақтарында елеусіз қалдырмай, ел алдында оқып, сыни бағалауларын да тыңдап, есеюге бет алады.


участники


Біздің сайтымыздан хабарландыруларды іздеп отырыңыздар, жылы ұямыз - Филиалымыздың тарихында жаңа парақтар ашып, қанат қағып жетіле беріңіздер!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.