2022 жылғы 26 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Тенгри» әдеби клубының кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда орыс әдебиетіндегі сонеттер шоғырларының жанрлық формасының ерекшеліктері талқыланды. Клуб координаторы профессор Г.И. Власова студенттерге «Тенгри» әдеби клубының пайда болу және даму тарихы туралы айтып берді және қатысушыларға Филиалдың ақын студенттерінің таңдаулы шығармалары енгізілген «Жырлаймын сені, Филиалым», «Тенгри таңбасымен» жинақтарын көрсетті.




«Тенгри» әдеби клубының отырысына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, «Жалынды сөз» әдеби клубының төрайымы Камилла Мухамадиева қатысты. Ол «Жалынды сөз» клубының жұмысы туралы айтып, «Тенгри» клубының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар жасады.

Профессор Т.В. Кривощапова студенттерге сонеттер шоғырларының құрылысындағы ерекшеліктер туралы, оның шығу тегі мен дамуы туралы, рифмалардың белгілі бір тізбегі туралы айтып берді.


Теориялық материалды игерген Клуб мүшелері ақын Вадим Штайнбрехттің шеберлігін жоғары бағалай отырып, оның сонеттер шоғырларын оқуға кірісті. «Тенгри» әдеби клубының төрайымы, «Филология» бағытының 2 курс студенті Диана Костишинаның өзі шығарған сонеттер шоғырын тарту етті.


«Тенгри» клубы қызметінің негізгі мақсаты студенттердің көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Жас авторлар көңілдеріне ұялаған толқу мен қорқынышты жеңуге тырысып, жиналғандар алдында өздерінің шығармаларымен таныстыруға ұмтылды. Бұл жолы өзінің батыл мінезімен «Филология» бағытының 1-курс студенті Нина Шишканова ізгілік мәнін баяндаған философиялық өлеңін оқып берді. Студенттер Нина Шишкановаға ақындық жолында сәттілік тіледі.


Баршаңызды «Тенгри» әдеби клубының алдағы кездесулеріне шақырамыз!



Назад в раздел