АЛТЫН КҮЗ


Біздің Филиалдың жыл сайын «Алтын күз» деген атаумен спорттық іс-шаралар өткізетіні баршаға белгілі. Биылғы жыл да солай болды. Өткен жылдан бір өгешедігі сол, биыл кросс Президент бағында өткізілді. Сондықтан біздің бозбалалар мен бойжеткендер жаңа қашықтықты еңсеруі керек болды. Рас, сол күнгі ауа райы көңілді көтере қойған жоқ: күшті жел соғып, жаңбыр сіркіреп тұрды. Сөйтсе де бұл кроссқа қатысқандардың жігерін жасыта алмады, тас түйін болып кірісті. Адамға жастардың ауа райының қиындығы мен қашықтықты еңсеруге жасампаздықпен ұмтылуынан артық шабыт беретін басқа жайтты табу қиын. Оның үстіне жігіттерге адамзаттың күшті өкілі ретінде қыздардан гөрі екі есеге дейін алыс қашықтықты жеңулеріне тура келді. Жастардың бір-біріне пейілдене жан күйер болғаны көңілге қуаныш ұялатты. Кроссқа келген адам саны жүзден кем емес. Жүгіруге университетіміздің барлық факультеті қатысты және үздіктердің ондығының қатарынан әрбір факультеттің өкілі бой көрсетті.

Нәтиже былай болды: жоғарғы курстар жастарды алдына шығармады, алтынды Екатерина Таратута (ВМК-4) мен Арсылан Тілекенов (Э-31) алды. Бұл жастар бірнеше жыл бойы озық орынды ешкімге бермей келеді, оларды осынысымен құттықтап қояйық.

Үздіктердің ондығында бірінші курс өкілдері өте көп болды, екінші курс та дес бере қойған жоқ:

Жігіттер:

2-орын: Рябов Игорь Э-11

3-орын: Диянов Павел Г-21

4-орын: Байғабылов Еділхан Э-21

5-орын: Железный Александр М-21

6-орын: Наурызбаев Нұрмахан Ф-21

7-орын: Тупов Степан Г-11

8-орын: Шағадатов Нұрлан ММ-11

9-орын: Мұхамбетов Әділ Г-31

10-орын: Амангелдиев Назамиддин Э-11


Қыздар:

2-орын: Сливкина Анна ВМК-1

3-орын: Жақиянова Меруерт ВМК-21 және Тұяқова Замира ВМК-21

5-орын: Бекенова Айгерім Ф-11

6-орын: Матвеева Виктория ВМК-1

7-орын: Василенюк Екатерина Ф-11

8-орын: Валиева Алина Г-11

9-орын: Кречетова Юлия Г-11

10-орын: Милютина Екатерина Г-11


Ауа райына төтеп беріп, жайлы ахуал жасаған қатысушылардың бәріне рахмет айтамыз! Жеңмпаздардың бәрін құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!


Мәтін: Кристина Паньшина, Ф-21

Фото: С.П. Виногроцкий (Фотогалерея)



Назад в раздел