М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь

 

IMG_9976s.jpg


2019 жылғы 20 желтоқсанда «Еуразия» спорт кешенінде дене шынықтырудан өткізілетін жыл сайынғы сынақтық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Бұл сынақ ерекше сынақ, бұл – М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы студенттері арасындағы би аэробикасы бойынша жарыс.


IMG_9542s.jpg


Би аэробикасы - денсаулықты нығайтуға, дене сымбатын түзетуге, қимыл-қозғалыс пен икемділіктің дамуына, ырғақты сезінуге және қозғалыс эстетикасына ықпал ететін физикалық жаттығулардың кешені. Дене шынықтыру пәні оқытушыларының басшылығымен жарысқа дайындалу барысы бүкіл семестр бойына жүргізіледі. Осылай, студенттердің бойында командалық рух тәрбиелеп, олардың шығармашылық потенциалын жүзеге асырады. Жарқын көріністерді бейнелейтін музыкалық би кешендерінің жарысын өткізу – Филиалдың дәстүріне айналған іс-шара.


IMG_9642s.jpg


Студенттер керемет әсер ететін акробатикалық элементтерді, стильдердің сантүрлілігін, жақсы қалыптасқан қимыл-қозғалыстарды көрсетті. Филиалдың оқытушылары құрамынан құралған қазылар жарыстың қорытындысын шығарды.


IMG_9770s.jpg


Қазылар алқасының шешімімен, үшінші орын – Ф-11 студенттеріне, екінші орын – Э-11 студенттеріне, жеңімпаз бірінші орын – «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 2 курс студенттеріне берілді. Студенттер жарысқа дайындалу барысында, жарыс өтуі барысында үлкен қажырлылық көрсетті, еңбектері жанып, грамоталармен, төсбелгілермен марапатталды, көрермендердің шынайы қолпаштаған сезімдеріне бөленді.


IMG_9818s.jpg


 

Фото: К.С. Байрактар (Фотогалерея)


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.