Тек біліммен ғана күшті емеспіз!


1


С 2020 жылғы 6 және 11 наурыз аралығында ММУ Қазақстан филиалының барлық бағыты бойынша бірінші және екінші курс студенттерінің арасында волейболдан чемпионат болып өтті. 11 наурызда «Еуразия» спорт кешенінде чемпионаттың шешуші ойыны болып өтті.


Волейбол – қозғалыстағы ойын, спорт ойындарының ішіндегі кең танымалдығы бойынша екінші орындағы, тек футболды ғана алдына жіберген ойын. Сонымен бірге, волейбол бұқаралық спорттың да ең танымал түрі болып табылады: волейболды миллиардқа жуық адам ойнайды, ол дегеніміз Жер тұрғындарының 15% болып табылады!


Міне, біздің Филиалдың студенттері де осындай қозғалыс ойынына деген өздерінің құрмет-сезімдерін білдірді. Қайнаған қызу ойын алаңында «Экономика» бағытының бірінші және екінші курс студенттері кездесті.


Алғашқы партияда Э-21 командасы алға шықты. Екінші партияның соңында жеңіс бірінші курстықтардың қолына өтті: олар өз құрамында кейбір орын ауыстырулар жасаған болатын. Дегенмен, қорытынды финалдық партия өте қызықты өтті, бірінші курстықтар қолдан келген бар мүмкіндіктерін қолданды. Ағалық орындағы екінші курстықтар оларға төтеп беріп бақты. Бірақ, бірінші курстықтар жеңіске қол жеткізді. Экономика бағытының бірінші курстықтар командасының құрамында Иван Михайленко, Кенжехан Нургалиев, Алима Нурпеисова, Офелья Катвалян, Лев Соловьев пен Ануар Базарбаев бар еді. Ойынды көруге, қолдауға келген жанкүйерлер, ойыншыларды қызу қолпаштап, демеп отырды.


Жеңімпаздар командасының капитаны Ануар Базарбаев былай деді: «Біздің университеттің студенттеріне ұмтылыс жасау мүмкіндіктері жетерлік: ойнау дағдыларын әрдайым жетілдіріп отыру керек. Мен осы жарысқа қатысып, өз тобымның намысын қорғауға шыққанымды мақтан етемін. Барлық ойыншыларға осындай әсерді кездесу үшін рахметімді айтамын!»


Барлық басқа жақсы ұйымдастырылып өткізілген жарыстар сияқты, мұнда да барлығы тек жеңімпаз болды: шабытты қозғалыс ойыны барлығын, ойыншыларды да, жанкүйерлерді де керемет бір эйфориялық сезімге бөлей алды!



Назад в раздел