Ұлы Жеңістің 75 жылдығында ММУ Қазақстан филиалы ауқымды тақырыптық іс-шаралар сериясын өткізуде. Сондай игілікті істердің бірі - дене шынықтыру пәні оқытушылары мен эколог-студенттер, Жакешов Нуржан, Жани Меруерт, Тунников Даниил, Ремша Викториялар бірігіп өткізген «Спортшылар Ұлы Отан соғысында» атты кураторлық сағатты атап өтуге болады. Zoom-бойынша 2020 жылғы 8 мамырда өткен іс-шараға Филиалдың 90-нан астам студенттері мен оқытушылар қатысты.
Ұлы Отан соғысында күрескен ерекше адамдар мен халықтың ерлігі туралы естеліктер жүректе сақталады. Соғыстың бірінші күнінен бастап халық фашизмге қарсы күреске шықты. Бұл соғыста спортшылар да тыс қалмады. «Соғысқа қатысқан әр спортшы бірнеше қатардағы жауынгерге татиды, ал қиын ұрыс кезінде спортшылардың взводы – батальоннан сенімді», - деген кеңес одағының Батыры, армия генералы И.Е. Петров спортшылардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы. Студенттер өз баяндамаларында бейбіт кезде жастарға үлгі болған спортшылардың соғыстағы өз өмірлерін аямастан соғысып жасаған ерліктері туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылар соғыста мерт болған спортшыларды еске алды. Спортшылардың соғыстағы ерліктері туралы баяндамалар оқығандар: Аскаркызы Адель, Фогеля Дарья, Иванов Игорь («Филология» бағыты), Бабич Ольга, Дарибаев Аян, Переверзева Юлия, Байдаулетов Данияр, Глебов Анатолий, Седова Светлана, («Экология және табиғатты пайдалану» бағыты), Майхиби Рахат, Садыкова Анель, Аронов Арслан («Экономика» бағыты), Меркулов Никита («Математика» бағыты).; Дарья Саженина мен Екатерина Сильчина «Баллада о красках» и «Помним» жырларын оқыды. Өлең жолдары тыңдармандарды сол бір қиын кездерді суреттерін сөзбен өрнектей білген студенттерді тыңдап, ерекше толқытты.
Іс-шараға қатысушылар спортшылардың Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлестері туралы кең талдау жасай келе, олардың қайрат-жігері халықтың қуатымен біте қайнасып, фашистік залымдықты жеңе алды деген түйін қорытынды жасады.
Кураторлық сағат туралы. Бейне-есеп: