2020 жылғы 16-21 қараша күндері М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері арасында футбол добын шебер тебуден университетішілік онлайн-жарыс болып өтті.


Осы бір қиын карантин күндері студентердің өзара бірлігін сақтап, өзара қолдау білдіруін тәрбиелеу және мәжбүрлі әлеуметтік қашықтықты жеңу мақсатында, Филиалдың Студенттер кеңесі футбол тобын шебер тебуден онлайн-турнир ұйымдастырды. Допты қақпақыл тебудің ерекшелігі, теуіп тұрған адам оны жерге түсірмеу үшін, барын салып, аяқпен, кеудемен, баспен, иықпен жоғары лақтыруы керек. Допты тебу футбол фристайлында базалық жаттығу болып табылады.Осы тәсілмен футболистер ептілік пен икемділікке жаттығады.


Жеңімпаздарды анықтаудың басты критерийі ретінде допты аяқпен «таза» тебу саны алынады. Допты түсіріп алу немесе қол тигізу әрекеттің аяқталуын білдіреді. Қатысушылар допты тебу барысын бейнеге жазып, арбитрлерге бейнені салып жіберіп отырды: мына пандемия талаптарын орындау тек осылай жасау арқылы орындалады.


Турнирдің ұйымдастырушылары ретінде Студент кеңесінің спорт секторы басшылық жасады. Оларға оқытушылар жетекшілік ететіні белгілі. Филиалдың әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының дене шынықтыру оқытушылары қазылық етті. Олар қатысушылар жіберген бейнероликтерді зейін салып қарау арқылы допты тебудің санын анықтап, шешім шығарды.


Жүлдері орындар келесідей:


WhatsApp Image 2020-11-25 at 16.26.50s.jpg


· I орын – Денис Пунтус, Э-21 (119 рет);

· II орын – Дарий Мусалимов, Э-12 (100 рет);

· III орын – Иван Михайленко, Э-21 (69 рет).


WhatsApp Image 2020-11-25 at 16.26.51s.jpg


Жарысқа қатысқан қыздар да болды, олардың ішінде үздік шыққан Офелья Катвалян (Э-21) болды.


Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!






Назад в раздел