2022 жылғы 6 мамырда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге арналған студенттік кросс болып өтті. Бәйгеге барлық оқу бағытының 1, 2, 4 курс студенттері қатысты.




Студенттік кросс қатысушылар үшін ерекше қуанышты сезімдер мен жайлылық тудырды, өйткені мұғалімдер оны дәстүрлі «до-ковид» форматында ұйымдастыруға, ал студенттер мен жалпы жарысқа қатысуға мүмкіндік алды. 2020 және 2021 жылдары спорттық іс-шараның форматы өмір қойған талаптар аясында өтізілген болатын: карантиндік жағдайда әрбір студент өз қаласының спорт алаңында – алаңда, саябақта, стадионда – берілген қашықтықты жүріп өтті және дене шынықтыру мұғалімдерінің телефондарына мобильді трекер қосымшаларынан деректерді жіберді.


Жеңіс күніне арналған спорттық шаралар – филиалдың игі дәстүрі. Олар жыл сайын әртүрлі форматта өткізіледі. Пандемияның қиын кезеңінің өзінде ММУ Қазақстандық филиалының студенттері Ұлы Жеңіс күніне арналған эстафетаға белсене қатысты. Жыл сайынғы мамыр айында өтетін кросс пен эстафета – Ұлы Отан соғысының қасіретті оқиғаларына деген құрметіміз, бұл жеңімпаздарға арнау, бұл тарихқа құрмет.




Биылғы кросс Есіл өзенінің жағалауында 3 шақырымдық жарыс түрінде болды. Жарыс алдында Филиалдың дене шынықтыру мұғалімдері міндетті түрде дене шынықтыру жаттығуларын өткізді. Жақсылап жылынған студенттер старт сызығына шықты. Қыздар қашықтықты еңсеріп, марафонды ашты, содан кейін жас жігіттер сайысқа түсті.





Қыздар арасында ең жылдам болғандар «Экономика» бағытының студенттері болды, олар - Дилара Жакупова (Э-21), Валентина Белова (Э-11), Полина Тарицина (Э-12).





Жігіттер арасында Руслан Сушков (Г-11), Артем Бобкин (Г-11), Эдуард Эгер (Э-21) үздік нәтиже көрсетті.


Кросс қатысушыларының ең мықты дегендеріне медальдар мен сертификаттар берілді. Бірақ осынау мамырдың шуақты күніндегі басты жүлде – жақсы көңіл-күй мен тамаша оқиғаға қатысты сезім болған еді.


    


Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысқандары үшін алғыс айтамыз!

 

Біз сіздерді мақтан тұтамыз!


Фото: К.С. Байрактар (Фотогалерея)




Назад в раздел