ММУ Қазақстан филиалында шахматтан ашық турнир болып өтті. Оған Филиалдағы барлық бағыт бойынша 20-дан астам студент қатысты. Жарыстар жылдам шахмат яғни «рапид» принципі бойынша өткізілді. Ережеге сәйкес, қатысушылар 2 жеңілістен кейін жарыстан шығып отырды да, жеңімпаз барлық партия бойынша жинаған ұпайларының саны бойынша анықталды. Турнир мәреге тақаған сайын үздіктердің үздігі ғана қалып, бірінші орын үшін табанды күрес басталды.




Нәтижесінде қыздар арасында Айғаным Сейіткәрімова (М-11) «қола» жүлдеге ие болды. «Күміс медаль» Диана Баймұратоваға (Г-11) берілді. Ал әділ жекпе-жекте «алтынды» Ксения Ефимович (Г-21) алды.


Барлық қатысушыларға спортта және оқуда сәттілік тілейміз!


Сурет: Арыстан Шүкенов



Назад в раздел