2023 жылғы 30 қараша күні ММУ Қазақстан филиалының Студенттер үйінде үстел теннисінен жарыс өтті, оған барлық оқу бағыттар бойынша оқып жатқан студенттер қатысты. Турнирдің төрешісі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы О.А. Волков болды.











Ойын барысында студенттеріміз ептілік, жинақылық және жылдам әрекет ету үлгілерін көрсетті.

Жарысқа бірінші болып қыздар қатысты. Бірнеше ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 место – Харлова Анна (Ф-21);

2 место – Ермағанбетова Амина (Г-11);

3 место – Жұманғали Малика (Э-22).


Келесі кезекте жас жігіттер сайысқа түсті. Олардың ішінде ең жақсы нәтижелер көрсеткен жеңімпаздар келесілер болды:


1 место – Сердюк Владислав (М-21);

2 место – Лифанов Артем (М-11);

3 место – Рыбалко Артемий (Э-22).


Жеңімпаздарды құттықтаймыз және турнирге қатысқан барлық студенттерге алғыс айтамыз!



Назад в раздел