2017 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақ мемлекеттілігі: тарих мен қазіргі заман» атты таңдау пәні бойынша семинар барысында «Экономика» бағытындағы 1 курс студенттері «Билер соты» іскери ойынын өткізген болатын.
«Билер соты» іскери ойыны қазақтардың дәстүрлі құқықтары негізделген. «Би» мәртебесі – құрметті және елеулі атақ. Билер тағайындалмайтын және сайланбайтын. Бұл атаққа лайықты адамды билер, ақсақалдар және құрметті, сыйлы, беделде, дана адамдар байқап, анықтайтын. Алғашында ондай талаптыларға билер мен ақсақалдар қолдау көрсетіп, баптайтын.
Бірақ қалай болғанда да, «би» атағын ол адамға тек халықтың толық мойындауынан соң ғана халықтың өзі беретін. Ондай адамдарға қойылатын талаптардың бастылары мынадай болатын: әдет-ғұрып заңдарын тегіс жатқа білетін болуы керек, әдеттерді тегіс білуі керек, шариғат негіздерін білуі керек, Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің «Жеті Жарғысын» жатқа білуі керек болған. Оған қоса, сөйлеу шеберлігі шешендік дәрежесінде болған және адалдығымен айрықша мінезділігі танылған адам болу керек.
Билердің дәстүрлі соты, көшпенді және жартылай көшпенді өмірге бейімделіп, қапзақ қоғамында ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін толыққанды қызмет атқарды. Мұндай ерекше мемлекеттік құрылымды патшалық үкімет біртіндеп ығыстырып шығарып, кейін мүлде жоқ қылып жіберді. Билер сотының функциясына қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық құқық бұзушылық пен қылмыс жасауды жазалау істері кірген. Билер сотының басты мақсаты - кінәлы адамды жазалау емес, басталған кикілжіңді реттеп, тараптарды бітімгершілікке жеткізу болған еді.