2018 жылғы 4-6 қазан күндері М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының профессорлық-оқытушылық құрамы Шымкент қаласы мен облысының мұғалімдері үшін дәстүрлі «Күзгі русистика мектебі» ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді. Семинарға 40 тілші-мұғалім қатысты.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы Мәскеу университетінің факультеттерімен бірігіп «ММУ ғалымдары –Қазақстан мектептеріне» бағдарламасын жүзеге асыруда. Оның аясында жүйелі түрде «Күзгі русистика мектебі» ғылыми-әдістемелік семинары өткізіледі.
Бұл бағдарламаның мақсаты - орыс тілі мен әдебиетін мектептерде оқыту жайы, өзекті теориялық және практикалық мәселелері және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру болып табылады.
Шымкент қаласындағы «Күзгі русистика мектебі» - ММУ Қазақстандық филиалы филология кафедрасының соңғы екі жыл ішінде сырт жерлерде өткізген үшінші семинары. Алғашқы екі семинар Алматы және Қарғанды қалаларында өткізілген болатын. Шымкент қаласында «Күзгі русистика мектебі» ғылыми-әдістемелік семинарының өткізілген орны - Г.С. Титов атындағы №20 мектеп.
Аталған семинар алаңында тек Шымкенттің ғана емес, сонымен қатар, Түркстан облысының Түркстан, Шардара, Арыс, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Сайрам қалаларының, аудандарының да мұғалімдерінің басын қосты.