20.05.2015

ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары Ресей ғылым мен мәдениет орталығында ғалымдардың Славян жазуы күніне арналған жылсайынғы кездесуіне қатысты


Өткен сәрсенбі күні, 2015 жылдың 20 мамырында, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары Ресей ғылым мен мәдениет орталығында ғалымдардың Славян жазуы күніне арналған жылсайынғы кездесуіне қатысты.

Биылғы жылы Славян жазуы күніне арналған іс-шара «Ғасырлар шебіндегі славян және түркі халықтары: Тіл, мәдениет, жазу» дөңгелек үстелі түрінде өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Астанадағы Ресей ғылым мен мәдениет орталығы бірлесіп өткізді. Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-жұмыстар комитетінен, Қазақстандағы славяндық мемлекеттердің елшіліктерінен өкілдер, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының және Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, сондай-ақ студенттер мен магистранттар қатысты.

[нақтырақ]