М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
30.12.2021

Қазақстан филиалының оқытушылары ММУ-дің Ташкенттегі филиалының 15 жылдығына арналған конференцияға қатысты




2021 жылғы 24 желтоқсанда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Ташкенттегі филиалының 15 жылдығына және академик В.Б. Кудрявцевтің 85 жылдығына арналған «Білім берудегі зияткерлік технологиялар» тақырыбында ғылыми-практикалық онлайн-конференция болып өтті. Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Душанбедегі филиалы конференцияның қосалқы ұйымдастырушылары болып табылады.


Сидорович А.В.


Конференцияның пленарлық мәжілісінде ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович кіріспе сөз сөйлеп, Ташкент филиалын мерейтойымен құттықтады.


«Гуманитарлық ғылымдар және зияткерлік жүйелер: пайдалану ерекшеліктері» секциясының модераторы филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова болды. Профессор Г.И. Власова ММУ Қазақстан филиалындағы филология кафедрасының қалыптасу және даму тарихына тоқталып, «Орыс фольклорын оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар» тақырыбында баяндама жасады.




«Гуманитарлық ғылымдар және зияткерлік жүйелер: пайдалану ерекшеліктері» секциясының модераторы филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова болды. Профессор Г.И. Власова ММУ Қазақстан филиалындағы филология кафедрасының қалыптасу және даму тарихына тоқталып, «Орыс фольклорын оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар» тақырыбында баяндама жасады.


Секцияда ҚФ ММУ директорының орынбасары, ҚР ҰҒА академигі Р.Ж. Әбділдина «Заманауи білім беру: жаңа болмыстағы құндылық бағдарлар» тақырыбында баяндама жасады; филология кафедрасының доценті А.А. Аймолдина «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылым салаларындағы ақпараттық ғылыми өлшем мәліметтер базалары» тақырыбында баяндама жасады; Филология кафедрасының аға оқытушысы М.А. Брянская «Филолог-студенттердің қашықтықтан оқыту форматында өткізілген педагогикалық практикасы» тақырыбында баяндама жасады; Филология кафедрасының оқытушысы Л.А. Задорожная «Лингводидактикада корпустық лингвистика әдістері мен технологияларын машиналық аударма үшін қолдану» тақырыбында баяндама жасады.


Доцент А.А. Аймолдина баяндамасы үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.


Математика және информатика кафедрасының меңгерушісі Қ.А. Бекмағанбетов «Оқыту мен білім берудегі зияткерлік жүйелер» атты секцияның модераторы болды. Секция аясында экология және табиғатты пайдалану кафедрасының аға оқытушысы, г.ғ.к. В.С. Дехнич «Экология және табиғатты пайдалану саласындағы мамандарды дайындау барысында ArcGIS бағдарламалық кешенін пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.


«Студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың баяндамалары мен хабарламалары» секциясының модераторы экология және табиғатты пайдалану кафедрасының доценті С.Қ. Жалбинова болды. Бұл секцияда өз баяндамаларын ұсынған жас ғалымдар - «Филология» бағыты бойынша 2 курс магистранттары Ю. Зимодра, А. Самигуллина, М. Нұрлыбай; «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 4 курс студенттері З. Жолдығазинова, Т. Ақынжанов, А. Мұхамеджанова.

 


Фото: ММУ Ташкенттегі Филиалы


[толығырақ]

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.