2022 жылғы 4 ақпанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы және Нұр-Сұлтандағы «Орыс үйі» орыс тілі мен «Біз сені сақтаймыз, орыс тілі, ұлы орыс сөзі ...» атты кәсіптік бағдар беру олимпиадасын өткізді.
Zoom платформасында онлайн түрде өткен олимпиадаға Қазақстаннан орыс және қазақ тілдерінде оқытатын мектептердің 11-сынып оқушылары, Қырғызстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық оқушы қатысты, осылайша биылғы жылы олимпиада халықаралық мәртебеге ие болды.
Олимпиаданың ашылу салтанатында ММУ Қазақстан филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ф.ғ.к. Тамара Григорьевна Котлярова, Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің директоры Алексей Анатольевич Коропченко, ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Татьяна Васильевна Кривощапова сөз сөйледі.
Олимпиада екі конкурстық бағытта өтті. Мектеп оқушыларына эссе (қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін) және шығарма (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін) жазу, сонымен қатар мәтінге лингвомәдени талдау жасау (екі бағытқа да) ұсынылды.
Қатысушылардың жұмысын ММУ Қазақстан филиалының оқытушы-филологтары арасынан құрылған сараптама комиссиясы бағалайды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және грамоталармен марапатталады. Олимпиаданың нәтижелері мен жеңімпаздарының есімдері 21 ақпан күні белгілі болады. Нәтижелер сонымен бірге Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің әлеуметтік желілерінде (https://meconnect.ru/kaz_rs_gov), сонымен қатар ММУ Қазақстан филиалы сайтында жарияланады.