2019 жылғы 11 желтоқсанда Филиалдың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Р.Ж. Әбділдина студенттер мен оқытушылардың алдында «М.О. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әке мен бала мәселесі» тақырыбында дәріс оқыды.
Лектордың өзі атап өткеніндей, оның осы баяндамасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткізіліп отыр. Қазақтың белгілі жазушысы, Ленин сыйлығының лауреаты М.О. Әуезовтің шығармашылық мұрасын тану, ең алдымен, оның қазақтың ойшылы, ақыны Абайдың тұлға ретінде қалыптасу жолын зерттеуге арналған романын талдап-тану, қазақстандықтардың ұлттық өзіндік санасының дамуына зор әсер етеді.
Әлемдік әдебиеттегі әке мен бала мәселесі зерттелуінің тарихи формаларын ізерлей келе, Р.Ж. Әбділдина осы мәселенің «Абай жолы» романындағы шешілуіне жаңаша тұрғыдан жол табуға ұмтылды.
Р.Ж. Әбділдинаның дәрісін тыңдаушылар асқан жылы ықыласпен қабыл алды. Аудитория лекторға мазмұнды дәрісі үшін алғысын білдірді.