2020 жылғы 5 маусымда ММУ Қазақстан филиалында Халықаралық деңгейде «Қазіргі заманғы математикалық білім беру: мәселелер мен перспективалар» тақырыбындағы Дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шара барысында математиктер ғылым мен білім берудің өзекті мәселелерін талқылады.
Талқылауға Мәскеу университетінің, ММУ Қазақстан филиалының, Ресей халықтар достығы университетінің, Башқұрт мемлекеттік университетінің, Башқұрт педагогикалық университетінің, ММУ Ташкент филиалының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ, Nazarbayev University, Абай атындағы ҰазҰПУ, Шәкәрім атындағы университет, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, Satbayev University, Математика және математикалық модельдеу институты, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім бағдарламалары орталығы, Жоба менеджерлер одағы және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович бастады. Қатысушыларды қошеметтеп болған соң, А.В. Сидорович, ММУ-де математикалық білім беруге ерекше назар аударылады, өйткені Мәскеу университеті әлемдегі ғылымның дамуына және елдің дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Қазақстандық математиктер ММУ математиктерімен тығыз бірлікте заманауи қоғамның дамуының тірегі болып отыр. Білім беруді математикаландыру ортақ міндет болып саналады; математиканы оқытуда математиктердің де, басқа бағыт мамандарының да көптеген шешілмеген мәселелері бар – дөңгелек үстел қарым-қатынас жасаудың тиімді формасы болып табылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар құрамының беделділігі математиканың дамуы мен математикадан білім берудің мәселелері дамуына жалпы алаңдаушылықтың барын білдіреді. Дөңгелек үстел түрлі елдер үшін ортақ міндетті шешуде бірігудің бастауы болып қызмет ететініне сенім білдіретінін атап өтті А.В. Сидорович. Ол, сонымен бірге, өз сөзінде дөңгелек үстел барысындағы талқылау заманауи жағдайлар талап етіп отырған жаңа тұғырларды анықтайтын жолдың бастауы болуы тиіс екеніне баса назар аударды.
Одан әрі қарай талқылау барысы үш блок аясында жүргізілді: «Ғылым», «Жоғары мектептегі математикалық білім», «Орта мектептегі математикалық білім».
«Ғылым» блогында Математика және математикалық модельдеу институты ҚР ҰҒА корресполндент мүшесі А.Садыбеков «Қазақстандық математиктері үшін басылым жариялау белсенділігіндегі жаңа бағдарлар» атты баяндама оқыды. Келесі баяндаманы Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, Eurasian Mathematical Journal журналының редакторы В.И. Буренков оқыды, баяндама тақырыбы «Евразиялық математикалық журнал: ағымдағы жай-күйі және перспективалары» деп аталды.
«Жоғары мектептегі математикалық білім» блогында «Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарындағы математикалық білім беру және математикалық пәндерді оқыту» баяндамасы оқылды. Оның бірінші жартысын Satbayev University профессоры В. В. Вербовский оқыды. Онда инженер манадығы студенттеріне математикалық пәндерді оқыту мәселелері сипатталды. Баяндаманың екінші жартысын физика-математика ғылымдарының докторы, Филиалдың математика және информатика кафедрасының доценті К.А. Бекмаганбетов оқыды. Ол өз баяндамасында Nazarbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ММУ Қазақстан филиалындағы «Математика» бағыты бойынша бакалавриатқа арналған білім беру бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасады.
«Орта мектептегі математикалық білім» атты үшінші блокта Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім бағдарламалары орталығының аға менеджері Т.У. Аубакиров «Орта мектептеге математика бойынша жаңа оқу бағдарламалары туралы» баяндама оқыды. Баяндамашы өз сөзінде орта мектеп оқу бағдарламаларының өзгеру себептеріне тоқталып, олардың мазмұнын нақты сипаттап берді, оқушылар білімін бағалаудың жаңа жүйесінің ерекшеліктерін талдап түсіндірді.
Әр баяндамашының сөзінен соң қатысушылар талқылап, өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Ерекше қызығушылық тудырған сұрақтар жоғары оқу орындарындағы және орта мектептегі математикалық білім мазмұны туралы мәселелер болды.
ЖОО-дағы математикалық білім беру туралы баяндамадан соң Мәскеу университетінің механика-математика факультетінің деканы РАН корреспондент-мүшесі А. И. Шафаревич факультетті дамыту жоспарлары туралы айтып өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта маханика-математикалық факультеттегі білім беру бағдарламаларын модернизациялау жоспары талқылануда. Ол бағдарламалар бойынша математиканы оқытуда заманауи бетбұрыс жасалынып – өмірде өзекті болып отырған қажеттіліктерге жауап бере алатын болады. Сондай жоспарлардың біріне сай, жоғарғы курстарда екі бағытты бөлу жоспарлануда; абстракты /дерексіз математикалық және қолданбалы (студенттердің қызығушылығына сәйкес).
Есептеу математикасы және кибернетика факультетінің деканы РАН академигі И. А. Соколов осыдан 50 жыл бұрын ВМК факультеті құрылғанын атап өтті. Бұрынғы Кеңес одағында осыдай факультеттердің бірнешеуі құрылуы сол уақыттың өзекті талабына берген жауап болатын, яғни әлемді танудың жаңа құралының (электрондық-есептегіш машиналар) пайда болуы еді. Факультет есептеу математикасы және бағдарламалау саласының мамандарын дайындайды және қазіргі уақытта, ММУ ВМК факультетінің және басқа туыстас факультеттердің рөлін жоғары бағалай келе, дәл осы факультет түлектерінің арқасында кеңес одағында да, Ресейде де компьютерлік ғылым саласы әлемдегі даму деңгейімен қатарласа дамыды: есептеу математикасы және кибернетика факультетінде, ең алдымен, іргелі математиканы оқытып-үйрететін. Бүгінгі күні де түрлі салаларда инженерлік және басқалай қолданбалы міндеттерді жеңіл шеше алатын мамандардың саны көптеп керек болып отырғаны белгілі.
Әсіресе, есте қалған баяндама Өзбекстан Ғылым академиясының академигі Ш.А. Алимовтың баяндамасы болды. Ол математикалық пәндерді математикалық емес мамандықтарға оқыту бағдарламасы мен оқыту әдістемесін өзгертуді ұсынған болатын. Математиканы оқытуда, қазіргі ақпараттық технологиялардың даму қарқынын ескеріп отыру маңызды болып табылады.
Дөңгелек үстел үш сағатқа созылды. Қатысушылардың пікірінше, жұмыс өте пайдалы және нәтижелі орындалды: ғылым мен білім берудің көптеген маңызды мәселелері талқыланды. Талқыланған мәселелердің санының көптігінен барлық қатысушыларға бірдей сөз беру мүмкін болмай қалды. Іс-шараның соңында сөз алған профессор М. А. Садыбеков осы сынды дөңгелек үстелдерді жинақы аядағы тақырыптар бойынша өткізу туралы ұсыныс білдірді.