2020 жылғы 5 қарашада М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай замандастары мен ізбасарлары» атты Халықаралық конференция болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан филиалы, филология кафедрасы, ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институты болды.
Конференция онлайн-форматта өткізілді, оған қазақстандық, ресейлік және белорустық жетекші абайтанушы-мамандар, атап айтқанда: филология мамандары, философтар, тарихшылар қатысты. Ғалымдар Абай ақынның әдеби өміріндегі, оның өз заманындағы және ерте замандағы ақындармен әдеби байланыстары мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасады.
Конференцияға қатысушыларды қарсы алғандар: ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор А. В. Сидорович; филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры К. С. Матыжанов; ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Д. Қамзабекулы; тарих ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ҒЗИ директоры Е. Е. Сайлаубай; филология ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ орыс әдебиеті тарихы кафедрасының доценті В. Л. Коровин.
«Абай - ХХІ ғасыр ағартушысы» атты өзінің баяндамасында ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор А. В. Сидорович Абайды Ұлы деп атаған халық пен уақыт, Абай – қазақ мәдениеті мен қазақы рухтың символы, оның есімі бүкіл адамзаттың жәдігері деп атап көрсетті. Абайдың қызметі руханилылық пен парасаттың прагматизмге қарсы тұрған жаңа идеяларының іргетасын қалап, оның халықтың дамуындағы рөліне терең назар аударды. Абай жаңа туып келе жатқан дәуірдің қауіптілігін бар болмысымен сезінді және келе жатқан апатты қиындықтардан сақтану керектігін айтып, адамгершілікті сақтауға шақырды. Абай бүгінгі күні де өзінің идеяларымен және өзінің қалдырған мұрасымен өз халқының алға басар жолына жарық түсіріп, ХХІ ғасырда да бар адамзатқа ізгілік жол нұсқап келеді.
Осы келелі ойдың желісін философия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, ММУ Қазақстан филиалы директорының орынбасары, профессор Р.Ж. Абдильдина жалғастырды. Ол қазақтың ұлы ойшылының шығармашылығындағы адамның жаңа этикалық идеалдары жөніндегі тақырыпты қозғады. Т.В. Кривощапова, филология ғылымдарының докторы, Филиалдың филология кафедрасының профессоры, Абай мен А.С. Пушкиннің өзара шығармашылық байланысындағы ерекшеліктер туралы баяндады; С.В. Ананьева, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі Абайдың шығармашылығын әлемдік мәдениет аясында және сол тұрғыдан танудың ерекшеліктері туралы баяндама жасады, Абайдың М.Ю. Лермонтовтан жасаған аудармасындағы қазақ ұлттық ерекшеліктерінің көрінісі туралы педагогика ғылымдарының докторы, ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының профессоры Н.Ж.Құрман баяндама жасады. Конференцияның жұмысы секция мәжілістерінде абайтанушылардың баяндамаларын тыңдаумен жалғасты.
Конференцияға қатысушылар өз баяндамаларында Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын жан-жақты қарастыра келе, орыс әдебиетімен байланысына, ондағы рөліне назар аударды. Абайдың өз замандастарымен әдеби байланыстары халықаралық әдеби-тарихи контекст аясында қарастырылды; Абайдың әдеби сын тарихы мен журналистикадағы орны туралы, қазақ философиясы мен қоғамдық ой қалыптасуындағы орны туралы, қазақстандық тарих-филология ғылымдарының қалыптасуындағы қызметіне талдаулар жасалынып, мәселелер сан қырдан қарастырылды.