2021 жылғы 30 сәуір күні М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Кітапханасымен бірлесе ұйымдастыруымен «Заманауи Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі филологиялық ғылым» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған Қазақстан дамуындағы экономика, филология, экология, математика және тарих бағыттарындағы жоспарланған, ММУ ректоры РҒА академигі В. А. Садовничий бекіткен халықаралық конференциялар жоспарының қатарында өткізіліп отыр.
«Заманауи Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі филологиялық ғылым» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өзінің мақсаты етіп Қазақстандағы филология ғылымының, орыстілінің дамуындағы өзекті үрдістерді түсіну; Қазақстандағы көпмәдениетті білім беру кеңістігіндегі тілдерді оқыту бағыттары мен келешек болмысы туралы талқылау; филологиялық ғылым мен білім беру салаларындағы қазақстандық және ресейлік зерттеушілердің өзара пікір алмасуын үйлестіру мақсатын көздеп отыр.
Конференцияға жүзден астан жетекші мамандар қатысты – филология, медиалингвистика, орыс тілін, қазақ тілін және ағылшын тілін зерттеу және оқыту мәселелері бойынша М.В. Ломоносов атындағы ММУ ғалымдары, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, Қазақстанг және Ресей ЖОО оқытушылары қатысты.
Конференцияны ашу барысында М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А. В. Сидорович 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толатынын атап өтті. Еліміздің осынау жарқын мерей күні Филиалымыздың 20 жылдығымен сәйкес келіп жатқанын да атап өтті. Филиалдың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен және Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің қолдауымен ашылғанын атап өте отырып, А.В. Сидорович «Заманауи Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі филологиялық ғылым» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еуразиялық кеңістіктіктегі мемлекетаралық қатынастарды нығайтудағы маңызды орнын атап көрсетті.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан филиалының атына Қошемет хатын жолдаған, онда Филиал түлектерінің Тәуелсіз Қазақстан дамуындағы ересен үлестерін қосқаны және Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасын нығайтудағы қызметін биік бағалаған. Тұңғыш Президент өз хатында осы конференцияның екі елдің білімін және ғылымын дамытудағы қосатын зор үлесі болады деп бағалайды.
Конференцияға қатысушыларды қошемет сөзбен қарсы алғандар: МАПРЯЛ вице-президенті,проректор – М. В. Ломоносов атындағы ММУ дарынды жастармен жұмыс жасау Басқармасының басшысы, Ресей Федерациясы халықтарының ана тілін сақтау мен зерттеу Қоры Басқрамасының төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Т. В. Кортава; Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің Т. С. Рамазанов; М. В. Ломоносов атындағы ММУ филология факультеті деканының м.а., филология ғылымдарының докторы, профессор А. А. Липгарт; М. В. Ломоносов атындағы ММУ журналистика факультеті деканының м.а., филология ғылымдарының докторы, профессор Е. Л. Вартанова; Нұр-Сұлтан қаласындағы Россотрудническтво өкілеттінің жетекшісі, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының елшісінің кеңесшісі педагогика ғылымдарының кандидаты А. А. Коропченко.
Пленарлық мәжілісте Ресей мен Қазақстанның белгілі ғалым-филологтері сөз сқйледі. Олар цифрлық дәуірдегі, Қазақстанның көптілді кеңістігіндегі орыс тілін оқыту мәселелері туралы, Ресейдегі заманауи әдеби жағдаяттар туралы, Қазақстанның билингивиалды кезеңіндегі лексикография, заманауи дипломатиялық дискурс мәселелері, қазақ филологиясының дамуы туралы және «Осенняя русистика» мәспелелері қарастырылды.
Конференцияның «Қазақстандағы заманауи русистика және ММУ филологиялық мектебінің дәстүрі», «Орыс тілі, орыс әдебиеті және медиамәтін Еуразиялық көпмәдениетті өрісте», «Заманауи білдім беру кеңістігіндегі қазақ филологиясы және лингводидактикасы», «Жоғары мектептегі шет тілдері: лингводидактика, аударматану және салыстырмалы зерттеулер» тақырыбындағы панельді сессиялары да биік деңгейде өткізілді.
Нұр-Сұлтан, Мәскеу, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалаларынан және Ресей мкн Қазақстанның басқа да қалаларынан келген баяндамашылар тіл мен тілді оқыту мәселелері бойынша, әдеби процестердің теориялық және практикалық, әдістемелік мәселелері жөнінде ойларын ортаға салды.