19.06.2021

Орыс тілі күні және А.С.Пушкиннің туған күні


 


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Русский дом» және «Нұр-Сұлтан қаласының біріккен музейлерінің дирекциясымен» бірге орыс тілі күні мен А.С. Пушкиннің туған күнін атап өтті.




Іс-шара, дәстүрлі түрде А.С. Пушкин ескерткішінің жанында өткізілді. Ақынның туған күнін еске алуға жиналғандар ішінде М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «филология» бағыты бойынша оқып жатқан студенттері, Нұр-Сұлтан қаласының біріккен музейлерінің дирекциясының», Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының өкілдері болды.




Кездесу ақын ескерткішіне гүл қоюдан басталды. Одан соң қошемет сөздермен сөз сөйлегендер қатарында:

 

 

 


 


 



Филиалдың атынан ф.ғ.д., профессор Т.В. Кривощапова баяндама жасады. Өз сөзінде ол қазақстандықтардың Александр Сергеевич Пушкинге деген құрметі мен сыйластығы туралы айтты, сонымен бірге ақынның Царскосельский лицейдегі өмірі туралы баяндап берді. Т. В. Кривощапова көптеген жылдар бойы қала тұрғындары 6 маусым және 19 қазанда «Целинсельмаш» зауытының жанындағы А.С. Пушкин ескерткішінің жанына жиналатынын тыңдаушылардың есіне түсірді. М.В. Ломоносов атындағы ММУ.




Қазақстан филиалының студенттері «Менің Пушкинім» өлең оқу конкурсына қатысып, өздерінің поэзия маржандарын мәнерлеп оқу өнерлерін, артистік және шешен сөйлеу қабілеттерін көрсетті. Іс-шараның соңында «Русский дом» өкілдері конкурс жеңімпаздарына естелік сыйлықтар – кітаптар мен дипломдар – табыстады. Жеңімпаздар қатарында аталғандар:


1-ші дәрежелі Диплом – Арыстан Иксанов («Анчар»).


2-ші дәрежелі Диплом – Александр Байбуза («Элегия»).


3-ші дәрежелі Диплом – Камилә Нұрбаева («Поэту») болды.


А.С. Пушкиннің талантын құрмет етушілер енді осы жылғы 19 қазанда тағы бас қосып, ақынның өлеңдерін оқитын болады. Біздің міндетіміз – осынау тамаша дәстүрді сақтау!

 

[толығырақ...]