М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Оқуға түспекшілерге

Жиі қойылатын сұрақтар


Филалда оқу ақылы ма?

Филиалда оқу тегін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

Ақылы негізде оқуға түсуге бола ма?

Филиалда ақылы негізге арналған жеке, ерекше конкурс жоқ. Алайда, түсуге лайықты ұпай жинамаған абитуриенттер бөлінген ақылы орындардан үміттене алады.

ҰБТ нәтижелері ескеріле ме?

Ескерілмейді.

Қабылдау қалай жүргізіледі?

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Орталық қабылдау комиссиясының кестесіне сәйкес Мәскеу университетінің комиссиясы жүргізетін түсу сьнақтары негізінде қабылданады.

Студенттер оқу мерзімінің бір бөлігін Мәскеуден өткереді деп естідік, олар Мәскеуде оқуға, жатақханаға ақы төлей ме?

Жоқ, төлемейді.

Қабылдау комиссиясы өңірлерге шыға ма?

Жоқ.

Филиал түлектері қандай диплом алады?

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің дипломын алады.


Филиалда магистратура бар ма?

«Экономика» бағыты бойынша магистартура бар. Оған түсу сынақтары негізінде қабылдайды, оқуы тегін.

Оқуға түсушілер үшін қосымша кеңестер беріле ме?

Иә, болады. Сайттағы кестені қараңыз.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.