М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь

«Тенгри» әдеби клубы

Конкурстар мен оқулар

Ресей мен Қазақстанның қоғамдық қайраткерлерімен, ғалымдарымен, жазушыларымен және ақындарымен кездесу

Шығармашылық шеберханалар мен лабораториялар, шеберлік сыныптары

Қалалық және республикалық іс-шараларға қатысу

Әдеби-музыкалық кештер мен театрлық қойылымдар

Клуб жаңалықтары

                  

2010 жылғы қазан айында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Тенгри» әдеби клубы ашылды. Жаңа әдеби бірлестік ММУ Қазақстан филиалының 10 жылдық мерейтойының қарсаңында ашылған болатын. Жас клубтың негізгі мақсаты – студент жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Клубтың ұраны – «Классика. Шынайылық. Іздену. Қазіргі заман.» Клубтың алғашқы отырысында ММУ профессоры, әдебиеттанушы және жазушы М.М. Голубков сөз сөйлеп, студенттерге «шеберлік сырлары» туралы айтып берді.

Клубтың қызметі бірнеше бағытта дамып келеді: Ресей мен Қазақстанның жазушыларымен, ақындарымен кездесулер; шығармашылық зертханалары және шеберлік сыныптары; «қалам алды» және әдбеи білім алу; қазақ және ағылшын поэзиясын аудару; әдеби кештер мен «поэтикалық жұма»; Қазақстанның әдеби клубтары мен сайттарының жұмыстарына қатысу, шығармашыл жастардың республикалық және қалалық бәйгелеріне қатысу; альманахтар мен жинақтарды дайындау және шығару.

СборникиКлуб мүшелері әрдайым шуақты сөздің іздеушілері болғандықтан, үздік мәтіндерді жазады, пікір алысады, іріктейд, басылымға дайындап, әдеби альманахтар шығарады. Алғашқы альманах «Пою тебе, мой Филиал!» деп аталып, (2011 ж.) ММУ Қазақстан филиалының 10 жылдық мерейтойына арналды. Ондағы авторлар өмірдің, табиғатты, махаббатың мәні туралы ой толғап, әсіресе, өздерінің Alma materі болған – Мәскеу университеті мен Қазақстан филиалына деген сүйіспеншіліктерін жырға қосты.

Екінші альманах «Под знаком Тенгри» (2016 ж.) – Клубтың бес жылдық қызметінің қорытындысы ретінде жарыққа шығарылды. Мұнда әдеби бірлестіктің жаңа құрамының «ювеналды» шығармашылығы ұсынылды.

«Тенгри» клубының құрамы динамикалы болып келеді де, ондағы төрғағалар, беделді студенттер – ерекше дарынды және талантты тұлғалар ретінде, жинай да, шабыттандыра да, насихат айта да білетін деңгейдегі жастар ретінде танылады. 2010 жылдан бері қарай Клуб төрағалары болғандар – Филиалдың түлектері Жеребятьев Владимир, Анастасия Козлова, Рогозина Юлия, Тихомирова Дарья. Қазіргі кездегі төрағасы – 2 курса студенті Кремер Анета.


Конкурстар мен оқулар

Клуб мүшелері түрліше номинациялар бойынша инсценировкалар қояды. Атап айтқанда – «Зимняя сказка», «Пушкинские стихи», кіші проза, күнтізбелік лирика.

Мамыр айының басында «Мен сөз құдіретін білемін» атты дәстүрлі поэзия конкурсы жарияланады. Оған Клуб мүшелері мен барлық поэзияны сүйетіндер қатыса алады. Поэзия конкурсының қорытындысы 5 маусымда шығарылады. Ал жеңімпаздарды марапаттау – поэзияның Пушкин мерекесінде болады (Гребной каналдағы А.С. Пушкин ескерткішінің жанында). Клуб мүшелері мынадай қалалық және республикалық конкурстарға белсене қатысады: proza.kz әдеби порталындағы «Үздік күнтізбелік әңгіме» конкурсына, фантастикалық әңгімелер конкурсына. 2011 жылы Назарбаев-Университетіндегі «Сенат» залында өткен жазушы фантастар мен футурологтардың Бірінші Халықаралық Конгресінің ашылуына қатысты.


Ресей мен Қазақстанның қоғамдық қайраткерлерімен, ғалымдарымен, жазушыларымен және ақындарымен кездесу


Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі М.Р. Султанбекпен «Абайдың «Жыл мезгілдері» лирикасының аудармасы» тақырыбында кездесу өткізілді (2011 ж.).

 «Ежелгі Түрк мифологиясы» ктіабының аудармашысы Зира Наурызбаевамен кездесу және Серікбол Қондыбайдың кітаптарының көрмесіне қатысу (2011 ж.).


Қазақстандық ақын және режиссер Ю. Толочкомен кездесу (2012 ж.).


Қостілді жазушы, журналист және аудармашы Таласбеком Асемкуловпен және журналист Ануар Омармен кездесу (2011-2012 жж.).


Жазушы, ақын, Л.Н. Гумилевтің өмірбаяны мен еңбектеріне арналған «Еуразия арыстаны» әдеби сыншысы Т.Л. Фроловскаямен кездесу (2012 ж.).


Әдеби мектеп директоры Александром Кысымбаевпен кездесу (2013 ж.).


Р.М. Абдувалиевамен кездесу – Лондон шыңғыс Айтматов Академиясының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, аудармашы. Кездесу қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовқа (2013 ж.).

ММУ доценті, география ғылымдарының кандидаты МГУ О.А. Борсуктың «А.Чижевский шығармашылығы» тақырыбындағы А.Л. Чижевскийдің шығармашылық мұрасына арналған дәрісі (2013 ж.).


Әдебиеттанушы, сыншы, ММУ филология факультетінің доценті С.И. Кормиловпен кездесу (2014 ж.).


Әдебиеттанушы, сыншы, ММУ филология факультетінің доценті Н.Г. Мельниковпен кездесу (2017 ж.).

 

 

Шығармашылық шеберханалары мен зертханалар, шеберлік сыныптары


Қазақстан Жазушылар Одағы мүшесі, ақын және режиссер Бахыт Қайырбековпен бірге «Мен – еуразиялықпын!» тақырыбында «Шығармашылық шеберханасы» өткізілді, кеш барысында Ұлы Абайдың 165 жылдығына арналған фильм көрсетілді (2011 ж.).


«Шығармашылық зертханасы» – жазушы ММУ профессоры М.М. Голубковпен бірге (2011 ж.).


«Проза шеберханасы» – ММУ әдебиеттанушылары ф.ғ.к., доцент Р.Б. Ахметшинмен, ф.ғ.к., доцент В.Б. Семеновпен кездесу (2011 ж.)


«Проза шеберханасы» – жазушы, ф.ғ.д., профессор, РФ Президенті жанындағы мәдениет кеңесінің мүшесі, «Литературная учеба» журналының бас редакторы А.Н.Варламовпен кездесу (2013 ж.).


«Шығармашылық зертханасы» – белгілі қазақстандық журналист және публицист, Қазақстан Республикасының белгілі жазушысы В.Доронинмен «Қазақстан әдебиеті» тақырыбында кездесу (2014 ж.).


Горький атындағы орыс драмалық театрының актері И.В. Анопченкомен кездесу (2014 ж.).


«Проза шеберханасы» – белгілі қазақ ақыны Дүйсенбек Накиповпен кездесу (2015 ж.).


«Шығармашылық зертханасы» – белгілі қазақ ақыны, режиссер Ербол Жумагуловпен кездесу (2016 г.).


«Проза шеберханасы» – қазақ ақыны Қанат Омармен кездесу (2017 ж.).


Филология кафедрасының профессорлары Г.И. Власова мен Т.В. Кривощапованың «Қысқа әңгімені қалай жазуға болады?», «Өлеңді қалай жазып шығаруға болады?» тақырыбындағы жылсайынғы шеберхана сыныптары.

 

 

Қалалық және республикалық іс-шараларға қатысу


Ақын, бард, актер Владимир Высоцкийге арналған кеш (2011 ж.)

 

«Нива» журналының бас редакторы В.Р. Гундареваның поэзиялық жинағының таныстырылымы (2013 ж.)

 

А.Ю. Коровинмен кездесу, ресейлік ақын, әдебиет сыншысы, Халықаралық әдеби Волошиндік конкурс пен М. А. Волошин атындағы Халықаралық әдеби фестивальдің (Коктебель) ұйымдастырушысы (2014 ж.).


«Шығармашылық орта» атты авторлық әндердің қалалық клубына қатысушылармен кездесу (2015 ж.).


Мұрат Әуезовпен кездесу (2016 ж.).

 

Әдеби-музыкалық кештер мен театралдық қойылымдар


Вечер Л.Н. Гумилева

«Әдеби кейіпкерлер Балы» (2012 ж.).

Спектакль – «Ақындар ақын туралы. В.В.Маяковский өмірбаянының шығармашылық парақтары» (2012 ж.).

М.Ю. Лермонтовты, С. Есенинді, Б. Пастернакты, А. Блокты және А. Белыйды, А. Ахматованы, М. Цветаеваны, Н.С. Гумилевті еске түсіру кештері.

«Тенгри» әдеби клубы біртіндеп өзінің әлеуметтік кеңістігін кеңейтіп келе жатыр, «Пегас» және «Симург» клубтарымен, «adebiportal.kz» порталымен ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

2013 жылы «Юность» атты әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналда (2013, №9) Г.И. Власова мен Т.В. Кривощапованың «Астананың әдеби клубтары» мақаласы мен клуб мүшелерінің өлеңдері жарияланды.

Қазіргі уақытта «Тенгри» әдеби клубы Астанада және Қазақстанда танымал және оның қызметі БАҚ пен Ғаламтор парақтарында жарияланып тұрады.

 


«Тенгри» клубы на қазақстандық әдеби порталында



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.