М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Общие сведения

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының кітапханасы


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының кітапханасы 2001 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді,студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға, сондай-ақ университетттің басқа санаттағы оқырмандарына ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді.

Кітапхана өз оқырмандарының мүдделері мен сұраныстарын қанағаттандыруға ұмтылады, студенттермен тәрбие жұмысын жүргізеді. Оқырмандар мұнда қажетті әдебиеттерді пайдалана алады, реферат, курстық және басқа ғылыми жұмыстар жазу барысында кеңестер ала алады.

Кітапхана қоры оқу, ғылыми, көркем әдебиеттерді, мерзімдік басылымдар, электрондық нұсқадағы құжаттарды, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының еңбектерін қамтиды.

Жыл сайын кітапханаға түсіп тұратын мерзімді басылым аталымының саны 70-тен асады: олар – ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем, реферативтік журналдар, сондай-ақ отандық және ресейлік газеттер.

Жаңа түсірілімдердің бюллетені құрастырылып, кітап көрмелері ұйымдастырылып тұрады.

«Научные и учебные издания преподавателей МГУ имени М.В.Ломоносова» атты стенд жүйелі түрде жаңартылып отырады, тақырыптық стендтер мен бұрыштар жасалады.

Кітапхананың электрондық филиалына айырықша мән беріледі.  Түгелдей факультеттердің оқытушылары мен студенттеріне оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердің электрондық нұсқасын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Электроннық басылымдар қорындаоқулықтардың, оқу құралдарының, ғылыми және арнаулы әдебиеттердің аталымының саны 14000-нан асады.

Электрондық кітапхананы толықтыру мақсатымен студенттер мен магистранттарға арналған оқулық басылымдар мен арнаулы әдебиеттер электрондық қорға орналастырылды.

Кітаптар мен оқу материалдарының электрондық каталогы жүргізіліп, жаңартылып отырады.




© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.