М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
11.01.2017

ММУ Ректоры В.А. Садовничий «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды


ММУ Ректоры В.А. Садовничий «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды


11 қаңтарда Ресейдегі Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі М.М. Тажин ММУ ректоры академик В.А. Садовничийге «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін табыс етті.

В.А. Садовничий бұл награда — Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуына Мәскеу университеті ұжымының қосқан күш-жігерінің жоғары бағалануы деп атап өтті.

Медаль Қазақстанның азаматтарына және басқа мемлекеттердің елдің мемлекеттілігі қалыптасуына, егемендігінің нығаюына, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлес қосқан азаматтарға табысталады.

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан Республикасымен белсенді ынтымақтастықта. Астана қаласында 15 жылдан астам уақыттан бері ММУ филиалы жұмыс жасап келеді. Онда Мәскеу университетінің бағдарламалары бойынша болашақ әлемдік деңгейдегі жоғары білікті мамандар дайындалуда. Осымен бірге, өткен жылдың желтоқсан айында «Астана» Халықаралық ғылыми кешен және Мәскеу университетінің арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Сонымен қатар М.В.Ломоносов атындағы ММУ мен «Астана» ХҒК Іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер орталығы ашылған болатын.


[Дереккөз]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.