М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.09.2017

Қоғамдық сананы модернизациялау және әлеуметтік-гуманитарлық білім беру


ММУ Қазақстан филиалы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы тұжырымды қағидаттарды жүзеге асыруға бағытталған авторлық бағдарламаларды оқу үдерісіне енгізуде.

 

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,

яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және

экономикалық жаңғыруларды  толықтырып қана қоймай,

олардың өзегіне айналады».

Н.Ә. Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

 

 

Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жолында екі бағдарды берік ұстануымен ерекшеленді: оның бірі – өзінде бар әлеуетті дамыту және екіншісі  - жаһан әлемде өзінің лайықты орнын алу. Осы бағдарлары бойынша жүргізген реформалары өзінің жемістерін беріп те үлгеріп жатыр, соның нәтижесінде жаңа белестерді бағындыру мақсаттарын қойып отыр. Оның ішіндегі ең бастысы  - әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. Қазақстан халқын қуатты да жауапкершілігі мол адамдардың біртұтас ұлты келбетінде көруге ұмтылысы осынау кең ауқымды қоғамдық сананы жаңғырту деген жаңа жұмыстың басты өзегін де анықтаған еді. Бұл міндетті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткен болатын.

Белгілі болғанындай, ММУ  Қазақстан филиалында Мәскеу университетінің базалық бағдарламалары жүзеге асырылады, атап айтатын болсақ, Философия» (ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.М. Абдильдин, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Р.Ж. Абдильдина), «Қазіргі заман философиясы және ғылым әдіснамасы» ( ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Р.Ж. Абдильдина) «Әлеуметтану» (IASHE мүше-корреспонденті, философия ғылымдарының докторы, профессор  С.Ш. Аязбекова), «Ресей тарихы» (тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Ермекбай), «Педагогика және психология» (психология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.В. Нефедова); «Құқық» (заң ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А. Омарова); «Қазақстан тарихы» (тарих ғылымдарының докторы, профессор А.И. Оразбаева).


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.