М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.10.2017

Халықаралық ғылыми видеоконференция «Сфераның болашағы жас ғалымдар көзімен»


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Экономика» бағытында оқитын үшінші курс студенттері Махмутова Мадина және Тургамбаева Алия 6 қазанда өткен «Сфераның болашағы жас ғалымдар көзімен» атты Халықаралық ғылыми видеоконференцияға қатысты.

Ол конференция XII ғылым фестивалі аясында және Халықаралық еңбекті ұйымдастыру (МОТ) 100-жылдығына арналған болатын. Конференцияға Ресейдің түрлі қалаларынан студенттер, аспиранттар, жас ғалымдар, ғылыми қызметкерлер қатысты. Конференцияның ұйымдастырушысы - М.В.Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің еңбек және персонал экономикасы кафедрасы.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары заманауи әлеуметтік сфералардың, еңбек нарығының, еңбек қатынастарының мәселелеріне арналды. Қазақстан филиалының студенттері М. Махмутова және А. Тургамбаева «Қазақстан Республикасындағы заманауи еңбек нарығындағы бейресми жұмыспен қамту мәселелері» баяндама ұсынды. Онда студенттер бейресми жұмыспен қамту мәселелері мазмұндалып, бейресми жұмыспен қамтудың себептері анықталып, талдауға түсірілді. Ол себептердің ішінен авторлар институционалдық және макроэкономикалық құраушыларды да анықтаған. Студенттердің ғылыми жетекшілері – ММУ Қазақстан филиалының экономика кафедрасының оқытушылары. Конференцияға қатысушылар осы баяндамада қарастырылған мәселенің өзектілігін ерекше атап көрсетті. ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен оқытушылары видеоконференцияны ұйымдастырушыларға, ММУ экономика факультетінің еңбек және персонал экономикасы кафедрасының меңгерушісі Разумова Татьяна Олеговнаға жеке, конференция жұмысының жоғары деңгейде өткені үшін алғысын білдірді. Конференция нәтижелері бойынша қатысушылардың баяндамалары басылып шығарылады.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.