М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.10.2017

«Заманауи биология: теориялық және қолданбалы аспектілері мен пәнаралық байланыстары» тақырыбындағы Халықаралық конференция


2017 жылғы 12-14 қазанда Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Заманауи биология: теориялық және қолданбалы аспектілері мен пәнаралық байланыстары» тақырыбындағы Халықаралық конференция болып өтті. Аталған ғылыми іс-шара Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология және геграфия факультеті зоология кафедрасының доценті, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ және М.В.Ломоносов атындағы ММУ біріккен оқу тәжірибесінің жетекшісі Аманай Байтурымович Мырзабаевтың мерейтойымен байланысты өткізілген болатын. Конференцияда, сонынмен қатар жақын және алыс шетелден, Ресейден, Польшадан, Моңғолиядан, Қытайдан келген ғалымдар қатысты.

Конференцияның ішкі тақырыптары «Биологиялық түрлілік және тұрақты даму», «Биосфера –Адам – Қоғам» жүйесіндегі өзекті педагогикалық мәселелер», «Заманауи биогеография және геоэкология» бағыты бойынша жұмыс жасады.

Пленарлық мәжілісте Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ оқу базасында Қарқаралыда оқу тәжірибесін өткізетін М.В.Ломоносов атындағы ММУ геграфия факультетінің оқытушылары: ландшафт геохимиясы және топырақ географиясы кафедрасының доценті г.ғ.к. Д.Л. Голованов, геоморфология және палеогеография кафедрасыының доценті, г.ғ.к. Ю.Р. Беляев және М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының оқытушысы А.С. Табелинова баяндама жасады.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.