М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
22.11.2017

Орыс тілін оқытудың лингвокультурологиялық негіздері


2017 жылғы 20-22 қарашада М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының оқытушылары Л.Н. Толстой атындағы Тула мемлекеттік педагогикалық университеті біліктілікті жетілдірудің Халықаралық бағдарламасы аясында Астана қаласындағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында Астана қаласының мектептері мен гимназияларындағы орыс тілі мұғалімдерімен кездесті.

Филология кафедрасының оқытушылары ф.ғ.д., проф. Г.И. Власова, ф.ғ.д., проф. Т.В. Кривощапова, ф.ғ.к., доцент Т.Г. Котлярова, оқытушы М.А. Брянская ТМПУ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі әріптестермен біріге отырып, түрлі формадағы сабақтар өткізді. 

Дәрістер, презентациялар және интерактивті шеберлік сыныптары орыс тілі мен әдебиеті саласындағы ғылыми мәселелерге арналды. Дәріс оқушылар мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіре отырып, оларға әдістемелік сабақты қызғылықты етіп өткізуге керекті материалдардың қоры мен оны пайдалану жөнінде де айтып өтті.

Басқосудың соңында ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының оқытушылары біліктілігін жетілдірген тыңдаушыларға Сертификат беруге қатысты.


Мәтін: М.А. Брянская

Фото: филология кафедрасы, Л.Н.Толстой атындағы ТМПУ


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.