М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
21.12.2017

Ғылыми цитаталау мәліметтерінің халықаралық базасы туралы

21 желтоқсан күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында филология кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары болып өтті. «Ғылыми цитаталау мәліметтерінің халықаралық базасы туралы» тақырыбында PhD докторы. Филиалдың филология кафедрасының аға оқытушысы Алия Аманжоловна Аймолдина баяндама жасады. Семинарға филология кафедрасының оқытушылары, «Филология» бағытында оқып жатқан студенттер мен магистрантар қатысты. Семинардың мақсаты - тыңдармандарды халықаралық, ресейлік, қазақстандық ғылыми цитаталау мәліметтерінің ғылыми өлшемдік базаларымен таныстыру (Web of Science, Scopus, РИНЦ, АО «НЦНТИ» т.б.).

Семинар аясында жас және тәжірибелі зерттеушілер үшін өзекті мәселе талқынланды: белгілі бір ғылыми журналдың Web of Science и Scopus халықаралық мәліметтер базасына енетінін не енбейтінін қалай анықтауға боалтыны; халықаралық (Scopus Profile, Researcher ID) және ресейлік (РИНЦ, ScienceIndex, «Научная электронная библиотека») мәліметтер базасында, ғылыми басылымдардың библиографиялық базасында өзіңнің профиліңді қалай құруға болатыны туралы сөз етілді. Сонымен қатар А.А.Аймолдина жыртқыштығымен танымал («Predatory Journals») басылымдардан қалай сақтанып, олардың қолына түсіп қалмау туралы да айтып берді.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.