М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
11.11.2021

Филология кафедрасының доценті А.Р. Сулькарнаева KazTEA халықаралық конференциясына қатысты



5-6 қараша күндері Қазақстандық ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығы (KazTEA) және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «COVID-19-дан кейінгі кезеңде EFL-білімін қайта қарастыру: оқытудың жаңа перспективаларын құру» тақырыбында Халықаралық форумы болып өтті. Форумның мақсаты: карантиндік шектеулер кезеңінде жергілікті жағдайларда онлайн-оқыту және білім беру мәселелерін талқылау; әртүрлі оқу стильдері мен қалауларына сәйкес келетін мультимедиялық форматтардың қолжетімді болуы; оқыту мен білім алудың жаңа формаларын дамытудағы KazTEA Республикалық қауымдастығының рөлі. Форум аясында қазақстандық ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығы Қызылорда облысының Жалағаш, Қармақшы және Шиелі аудандарының жалпы білім беретін мектептерінде шеберлік сыныптарының көшпелі сессияларын ұйымдастырды. Көшпелі сессияларға ағылшын тілін оқыту саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.




Форумға филология кафедрасының доценті А.Р. Сулькарнаева дөңгелек үстел модераторы ретінде қатысып, сонымен қатар №246 Жалағаш ауданы жалпы орта білім беретін ауылдық мектептің ағылшын тілі мұғалімдеріне «Error Correction: effective ways of improving teaching and learning» – «Қателерді түзету: оқыту мен оқытуды жетілдірудің тиімді жолдары» тақырыбында екі шеберлік сабағын көрсетті. Қауіпсіздік пен әлеуметтік қашықтықтың барлық талаптарын сақтай отырып, 60-тан астам ұстаз шеберлік сабақтарына қатысты. Көшпелі отырыс барысында оқытушылар ММУ Қазақстан филиалының бакалавриат және магистратура бағдарламалары туралы ақпаратпен таныстырылып, ауыл және қала оқытушыларымен де кәсіби байланыс орнатылды.



Мәтін және сурет: Филология кафедрасы

KAZTEA қауымдастығының ресми сайты: https://kaz-tea.kz/ru/


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.