М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
16.11.2021

Достоевскийге – 200 жыл


Орыс әдебиетінің классигі Ф.М. Достоевскийдің туғанына 200 жыл толуына орай, 2021 жылғы 11 қарашада Қазақстан филиалының филология кафедрасы «Филология» бағытының студенттерімен және магистранттарымен кездесу ұйымдастырды.




Ф.М. Достоевскийді еске алуға «Филология» мамандығының 4 курс студенттері мен 2 курс магистранттары шақырылды. Бірақ кездесуге қатысушылар аудиторияға кірмес бұрын жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы білімділік пен зейінділік танытуы керек еді. Викторинаның жүргізушісі 4 курс студенті Бисарина Мадина болды. Әрбір дұрыс жауап үшін студенттер Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің мерейтойлық төсбелгісін алды. Филология кафедрасы сонымен қатар Ф.М. Достоевскийдің 25 кең таралған цитаталарын тізімін дайындады, олар студенттерге кеңес, қоштасу сөздері немесе ойлануға тірек болған еді.





Салтанатты жиынды филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова ашып, Достоевскийдің мерейтойы бүкіл әлемде тойланып жатқанын ерекше атап өтті. Филология кафедрасының профессоры Т.В. Кривощапова «Достоевский туралы сөз» тақырыбымен студенттер мен магистранттарға данышпанның өмірбаянындағы маңызды кезеңдері мен қиын тағдыры туралы айтып берді. Сонымен бірге Ф.М. Достоевскийдің бүгінде мемориалды мұражай-үйі орналасқан Семейге жер аударылған кезеңі туралы айтып өтті.

 

Кездесудің жалғасы «Федор Достоевский. Тозақ пен жұмақ арасында» атты тақырыпта кездесуге қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Фильм авторлары ұлы жазушының бейнесіне басқаша көзқараспен қарауға тырысып, орыс классигінің өміріне қатысты ең күрделі сұрақтарды қойды. Ол кім болды – данышпан ба, пайғамбар ма, ұлы жазушы ма әлде жынды ма?

 

Кездесу соңында студенттер мен магистранттар филология ғылымдарының докторы, Мәскеу университетінің доценті А.Б. Криницынның аудиодәрісінен үзінді тыңдады. Дәріс жазушының «ұлы бес кітабына» енген «Жындар» романына арналды.

 

Мерейтойға құрметіне байланысты, Қазақстан филиалының кітапханасы жазушыға арналған Ф.М. Достоевскийдің шығармалары мен жазушының шығармашылығын зерттеген шағын көрме ұйымдастырды.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.