М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
18.10.2022

Педагогикалық практика -2022


2022 жылғы 10 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Филология» бағытының 4 курс студенттері өздерінің педагогикалық практикасы бойынша есеп беру конференциясын өткізді.




Педагогикалық практика филология студенттерінің міндетті өндірістік практикасы болып табылады. Оның сәтті өтуі үшін студенттерге арнайы пәндер де («Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі», «Психология және педагогика»), сонымен қатар студенттер оқу барысында игеретін лингвистикалық және әдеби пәндер де ықпал ететіні белгілі.


Биыл да көп жылдар бойы филолог-практиканттардың алған білімдерін қолдануға мүмкіндік беріп келе жатқан Астана қаласындағы №6 гимназиясы практика өтілетін орын болып белгіленген болатын. Студенттер орта және жоғары сынып оқушыларына орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Мектептегі тәлімгерлер студенттерге әдістемелік қолдау көрсетіп, олардың мұғалімге қажетті дағдыларды меңгеруіне қолдан келген көмегін берді.




Филиал студенттерімен көптен бері жұмыс жасап келе жатқан мұғалімдер биылғы практиканттарымыздың сабақты сапалы, нәтижелі және қызықты өткізуге дайындықтары тиянақты және жан-жақты екенін атап өтті. Жақсы білімі мен дағдылар студенттердің сабақ жоспарлары мен қорытынды бағалау материалдарын әзірлеуде көрінген еді. Әрбір орындаға жұмыстарынан студенттердің жоғары теориялық және сенімді әдістемелік дайындықтары айқын көрінді.


Есеп беру конференциясында студенттер өздерінің педпрактикадағы меңгерген тәжірибелері туралы айтып, қол жеткен жетістіктерімен бөлісті, педагогикалық тәжірибенің қиын кезеңдерінің ерекшеліктерін баяндап берді (сыныппен танысу, алғашқы өзіндік сабақтар, бағалау). Студенттер жас ұстаз ретінде сабақ өткізудің талаптарын сақтау, оқушылардың зейінін ұстау оңай емес екенін атап өтті. Сонымен қатар студенттер сабақтың тақырыбы бойынша жұмыстың нәтижесі көрінген кездегі қуанышты сезіммен ештеңені салыстыруға болмайтынын атап өтті, берілген білімді оқушылар меңгерді, олар тағы да осындай қызықты сабақты асыға күтеді, бұл шынымен кішкентай болса да, мұғалім еңбегінің жеңіс сезімі болып саналады.




Филиалдың педпрактика жетекшілері филология кафедрасының оқытушылары М.А. Брянская мен Е.С. Воронова студенттердің төртінші аптаның соңына қарай сабақты сенімді әрі сәтті өткізуге қол жеткізгенін атап өтті.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Г. Котлярова педпрактикадан өту барысында студенттердің жинақтаған педагогтік тәжірибесі оларға кәсіби тұрғыдан айқындалуына көмектеседі деп сенім білдірді. Ал педпрактиканы үздік өткізген студенттер келесі оқу жылында мұғалім ретінде педагогтік қызметке кірісуі де мүмкін..




М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасы Астана қаласының №6 гимназиясының әкімшілігіне және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жекелеген мұғалімдеріне, атап айтқанда, А.К. Серова, Т.Б. Васильева, М.Н. Степанова мен Н.В. Деревянкоға кәсіби шеберлігі мен студенттермен бөліскен баға жетпес тәжірибесі үшін ризашылықтарын білдіреді.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.