М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
22.10.2022

«Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауының Бірінші (университетішілік) кезеңі аяқталды. Байқауға 25 шығармашылық жұмыс келіп түсті.




Байқау комиссиясының шешімімен 1-дәрежелі Дипломмен филология мамандығының студенті Данил Морозов (Ф-31), 2-дәрежелі Дипломмен филология бағытының магистранты Әділ Чумажанов (ФМ-12), 3-дәрежелі Дипломмен экономика бағытының студенті Аружан Аймауыт (Э-12) марапатталды.


Байқау комиссиясы жеңімпаздардың шығармашылық жұмысын Байқаудың II яғни Республикалық кезеңіне қатысуға ұсыну туралы шешім қабылдады.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.