М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
03.04.2023

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының олимпиадасын өткізу туралы бұйрық шығарылды, ол Филиалға түсуге жеңілдік береді!


Мәскеу университетінің ректоры академик В.А. Садовничий ММУ Қазақстан филиалының Олимпиадасын өткізу туралы бұйрық шығарды. Бұйрық бойынша Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ММУ Қазақстан филиалына қабылданған кезде жеңілдіктер алуға (олимпиадада алынған нәтижелерді есептеу үшін) құқық береді.


Математика, орыс тілі және география пәндері бойынша олимпиада 2023 жылдың 29-30 сәуірінде өтеді.


Олимпиадаға қатысуға тіркелу 28 сәуірге дейін.


Олимпиада туралы Филиалдың сайты мен оның әлеуметтік желілерінде берілетін ақпаратты бақылап отырыңыз.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.