М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.04.2023

Қарсы командаға – шыныққандардан сәлем!


2023 жылғы 28 наурыз күні «Евразия» спорт кешенінде волейбол турнирінің финалдық ойындары болып өтті. Жарысқа 10 команда қатысты. Жеребе тартылып, командалар екі кіші топқа бөлінді. Бірінші кіші топтан плей-офф кезеңіне екі команда шықты:ВM-21 және Э-21, ал екіншісінен - Г-31 және ВM-11. Финалдық ойындар кіші топтардың жеңімпаздары арасында «қарама-қарсы» қағидасымен өткізілді. Жарыстың бас төрешісі - ӘГП кафедрасының дене шынықтыру пәні мұғалімі Клюкина Елена Ивановна.




Экономистердің математиктермен кездесуі турнирдегі ең қызықты және тартысты ойындардың бірі болды. Э-21 командасы аз ойыншымен ойнады, қарсыластарынан бір ойыншы кем болды. Бірінші сетті ВМ-21 командасы артықшылықпен бастады, бірақ Э-21 қарсыласын қуып жетті. Жақсы ұйымдастырылған қорғаныс пен күшті шабуылдардың арқасында экономика факультетінің студенттері екінші сетте жеңісті иемденді. Үшінші сеттегі тартыс бұдан да қызықты өтіп, екі команда ойыншылары өздерінің күш-қуаты мен шеберлігін көрсетті.







Математиктер мен экологтар арасында өткен кездесу чемпиондыққа талас ойыны болды. Бұл командалар өткен жылдың финалында кездесіп, ВМ-21 алтын алған болатын. Бұл ойынға деген қызығу мен шиеленісті қоса түсті, ойын барынша толыққанды және серпінді болды, әр команда өзінің күшін және шеберлігін көрсете алды.


Нәтижесінде ВМ-21 турнирдің абсолютті чемпионы атанды. Екінші орынды Г-31 тобы жеңіп алды. Турнирдің қола жүлдесін ВМ-11 командасы иеленді.


Турнирге қатысушылар ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.


«Турнир жақсы өтті. Біз бүкіл сетті жеңіп алдық. Финалда біраз кедергі кездесті. Биылғы жылы бірінші курс студенттері былтырғыдан әлдеқайда жақсы ойнағанын атап өткім келеді. Бір қуантарлығы, университетімізде мықты, спортқа бейім жігіттер көп. Баршаңызға оқуда, спортта сәттілік пен табыс тілеймін», - деді 3 курс студенті Қасымбеков Диас.


«Ойын өте керемет өтті деп ойлаймын. Топтық кезеңде біз бес ойын ойнадық. Оның бесеуінде де жеңіске жеттік. Ол деген сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім. Күшті әсер алдық. Ең бастысы, біз командамыздың ауызбіршілігі мен бірлігінің арқасында жеңіске жеттік. Осы турнирді ұйымдастырған кафедра мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз», – деді «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс студенті Шәку Жәңгірхан.




Ойын барысында командалық рух сезімін, спорттық толқуды және қайталанбас эмоцияларды жас спортшылар ғана емес, ойын алаңынан тыс көрермендер де сезінді. Турнирдің барлық қатысушыларына белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз және жаңа спорттық биіктерге жетулеріне тілектеспіз!



Мәтін: Кенжехан Нұрғалиев

Сурет: Арыстан Шукенов в


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.