М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.04.2023

Филиалда өтетін олимпиада нәтижелері бойынша қабылдау емтихандарынсыз ММУ Қазақстан филиалына оқуға түсуге болады!


Филиал директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры А.В.Сидорович ММУ Қазақстан филиалының жоғары сынып оқушыларына арналған олимпиадасы туралы сұрақтарға жауап берді.


1. Александр Владимирович, 2023 жылы ММУ Қазақстан филиалының олимпиадасын өткізуді қалай бағалайсыз?

Бұл - филиал өміріндегі үлкен оқиға. Біз алғаш рет олимпиадаға қатысу нәтижелері бойынша талапкерлерге түсу емтиханынсыз Филиалға түсу құқығын беретін олимпиаданы өткізу құқығына ие болдық. Біз - Мәскеу университетінің осындай олимпиада өткізетін жалғыз филиалымыз.


2. Филиалға өткен жылдардағы олимпиадалардың қорытындысы бойынша түсу кезінде олардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, егер олимпиада Ресей Білім және ғылым министрлігінің тізіміне енгізілген болса, Филиалға оқуға түсе алады. Бұл ереже жойылды ма?

Бұл ереже жойылған жоқ, алайда Мәскеу университетінің ректоры, академик Садовничий В.А. бұйрығына сәйкес, ММУ Қазақстан филиалының олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне олимпиада нәтижелері бойынша Филиалға түсуге арнайы құқық беріледі.


3. ММУ Қазақстан филиалының олимпиада жеңімпаздары оқуға түскен кезде қандай жеңілдіктерге ие болады?

ММУ Қазақстан филиалының математика, география және орыс тілі бойынша олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқуға түсу кезінде есепке алынатын жоғары балл алады. Толық ақпарат келесі аптада жарияланады.


4. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері шілде айында Филиалға қабылдау тестілеріне қатыспауына болады және олардың олимпиада нәтижелері оқуға түсу кезінде есепке алынатын болғаны ғой сонда?

Өте дұрыс. Дегенмен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер маусым айында Филиалға оқуға түсуге өтініш беруі керек.


6. Алған жеңiлдiктi баллдарды Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң немесе басқа жоғары оқу орындарының факультеттерiне түсу үшiн пайдалануға бола ма?

Жоқ, болмайды. Сіз бұл ұпайларды ММУ Қазақстан филиалына кез келген оқу саласына құжат тапсырған кезде ғана пайдалана аласыз.


7. Олимпиада қандай формада және қай қалаларда өтеді?

Толықтай жазбаша түрде. Қазіргі уақытта Олимпиада өтетін орындар анықталуда және жақын арада жарияланады.


8. Олимпиаданың қорытындысы қалай шығарылады?

Ректор Садовничий В.А. бұйрығына сәйкес, ММУ және Филиал оқытушыларының қатарынан қазылар алқасы құрылып, жұмыстарды бағалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.