М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
13.04.2023

Алексей Шишкин: «Магистрлік бағдарлама жасанды интеллект модельдерін дамыту мен пайдаланудың барлық қызықты және перспективалық бағыттарын қамтиды»


Шишкин А.Г.М.В.Ломоносов атындағы ММУң Қазақстандағы филиалында «Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері» магистрлік бағдарламасы ашылады. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі физика-математика ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ есептеу математикасы және кибернетика факультетінің профессоры. Шишкин Алексей Геннадьевич.


- Филиалда аталған бағдарлама неліктен ашылды?

- Соңғы жылдары әлемді «жасанды интеллект» сөзі ерекше баурап алды, Бұл ұғым, көбінесе, қияли нәрсе ретінде түсініледі. Шын мәнінде, бұл - компьютерлік технология дамуының кезеңті бір кезеңі, оның ерекшелігі сонда, ол орасан зор ақпаратты жинау, сақтау және өңдеуді сапалы жақсартуға негізделген өнімділігі жоғары болатын есептеу жүйелерін құрудағы сапалы секірісі арқасында мүмкін болып отыр.


Алайда, жасанды интеллекттің қарқынды дамуына қарамастан, соңғы онжылдықта оның деңгейі әлі де жетілдіруді керек етеді, сонымен бірге оларды әртүрлі салаларда кеңінен қолданылатын соңғы өнім түрінде енгізуге қабілетті мамандар да жеткіліксіз. Сондықтан жасанды интеллект әдістері мен технологияларына арналған жаңа оқу бағдарламаларын ашу керек. Бұл магистрлік бағдарлама заманның осындай талаптарына беретін жауабымыз болып табылады.


- Өте қызықты екен, сонда бұл бағдарлама бойынша магистранттар қандай пәндерді меңгеруі көзделіп отыр?

- Қазіргі кезде айтарлықтай өзгеріп жатқан ақпараттың құрылымы мен көлемінің, сондай-ақ оны өңдеу алгоритмдеріне байланысты қуатты графикалық процессорлар саны көп жаңа компьютерлер кең қолданылып келеді. Сондықтан аталған бағдарламаның бірқатар пәндері өнімділігі жоғары есептеу жүйелерінің, ақпараттар қорының архитектурасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуін, сонымен қатар қазіргі заманғы параллельді бағдарламалау технологиялары мен ақпаратты өңдеу алгоритмдерін зерттеуге арналатын болады.


Әрине, осы бағдарламада машиналық оқыту мен мәліметтерді өңдеу әдістерін зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Студенттерге мәліметтерде бар заңдылықтар мен тенденцияларды анықтау көмегімен мол мәліметтер жиынын өңдеу және зерттеу үшін пайдаланылатын мәліметтерді интеллектуалдық талдау бойынша курстар ұсынылатын болады.


Әдетте, мұндай заңдылықтарды дәстүрлі талдау тәсілдерімен анықтау мүмкін емес, өйткені қатынастар тым күрделі немесе деректердің көлемі шамадан тыс ауқымды болып келеді. Студенттер сонымен қатар терең нейрондық желілердің әртүрлі архитектуралары және оларды үлкен деректер жиынынан нақты ақпаратты алу үшін пайдалану жолдары туралы біледі. Жеке курстардың мазмұнында әртүрлі нақты салаларда нейрондық желілерді қолдану әдістерін егжей-тегжейлі таныту көзделеді. Қазіргі уақытта компьютерлік көрудің барлық тапсырмалары түрлі кіріс деректерін өңдеуге мүмкіндік беретін үйірткілі нейрондық желілерді қолдану арқылы жақсы шешіледі. Мұндай нейрожелілер кескіндерден, суреттерден пайдалы ақпарат алып, биомедицинадан бастап көліктің автономды жүруіне дейін өмірдің түрлі салаларында қажет тану алгоритмдерін жасай алады. Магистранттардың қызығушылығын тудыратын тағы бір пән «Табиғи тілдерді өңдеу әдістері» деп аталады. Соңғы жылдары бұл салада үлкен тілдік модельдердің пайда болуына байланысты елеулі өзгерістер пайда болды. Оның мысалын ChatGPT сәтті қолданылуынан көре аламыз. Ойымызды түйіндей келе, жаңа магистрлік бағдарлама жасанды интеллект модельдерін дамыту мен пайдаланудың барлық ең қызықты және перспективалық бағыттарын қамтитыны айтқымыз келеді.

- Бағдарламада математикалық модельдеу курстары қандай орын алады?

- Бағдарлама аясында студенттер математикалық модельдеу және сандық әдістер бойынша курстар оқитын болады. Математикалық модельдеу ғылыми зерттеулердің маңызды құралдарының бірі, ол жүріп жатқан процестерді визуализациялауға, оқиғалардың дамуын зерттеуге және болжауға және қажет болған жағдайда зерттелетін жүйені басқаратын параметрлердің мәніне түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.


  - Бағдарламаның артықшылықтары қандай?

- Бағдарламаның артықшылықтарын айтқанда, мұндай математикалық модельдеу әдістерін, заманауи есептеу технологияларын және машиналық оқыту алгоритмдерін және деректерді талдауды біріктіретіндігіне назар аудару керек. Бұл ретте бірінші кезекте студенттердің алған білімін іс жүзінде қолдана алу дағдысын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді. Күрделі практикалық есептерді шешудің жаңа тәсілдерін меңгеру бағдарлама түлектеріне жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалану және оларды өнімділігі жоғары есептеуіш жүйелерде енгізу негізінде әртүрлі модельдерді құрудың тиімді әдістерін табуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны меңгеру барысындағы түлектердің жасанды интеллект әдістерін қолдану бойынша білімі мен дағдылары жетекші компаниялар мен ғылыми ұйымдарға жұмысқа орналасудағы басты артықшылықтарының бірі болады.


- Оқыту барысында практика немесе нақты жобаларды жүзеге асыру бар ма?

- Сөзсіз бар. Студенттер ЖИ технологияларының көмегімен түрлі қолданбалы есептерді шешуге қажетті білім алып, оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын да игеретін болады. Айталық, «Заманауи машиналық оқытудың фреймворктері» курсы толығымен Python тіліндегі кескінді, дыбысты, уақыт қатарын өңдеу тапсырмаларын шешуге және енгізуге арналған. Бұдан басқа, әр студенттің өзін қызықтыратын жобасы болады. Сол жоба бойынша тәжірибелі оқытушылар жетекшілік етіп, жасанды интеллект технологияларын көмегімен шешім жасау моделін әзірлеу қажет болады. Содан кейін оны жұмыс істейтін қолданба ретінде іске қосыңызасыру міндеті шешіледі. Бұл ретте, көптеген жоба тақырыптарын олардың жедел және тиімді шешілуіне мүдделі нақты компаниялар анықтайтын болады.


- Бағдарлама түлектер үшін қандай болашақ даму жолдары бере алады? Түлектер қандай салаларда жұмыс істей алады?

- «Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері» магистратура бағдарламасы қолданбалы есептерді шешудің математикалық модельдерін әзірлеуге және соңынан оларды ғылыми және өндірістік қызметінде пайдалана отырып, жасанды интеллекттің түрлі қосымшаларын жасауға қабілетті маман даярлауды міндет етіп қойып отыр. Түлектер жаратылыстану ғылымынан бастап экономикалық және әлеуметтікке дейінгі түрлі процестерді зерттеу негізінде заманауи математиканы қолдана отырып, математикалық және есептеу тұрғысынан дұрыс модельдер құра алатын болады. Магистрлік диссертацияны қорғағаннан кейін студенттер жасанды интеллект және үлкен деректер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бағдарламалаудың дәстүрлі салаларында жұмыс істей алады. Бағдарламаның түлектері барлық салада дерлік сұранысқа ие кең профильді мамандар болады деп айтуға болады.


- Оқуға түсуде студенттерден қандай да бір дағдылар болуы талап етіле ме? Бұл бағдарламаға оқуға түсу барысында нені ескеру қажет?

- Бұл бағдарлама түрлі математикалық түсініктер мен әдістерді қолдануға сүйенеді, сонда, сөзсіз, студенттер математиканың есептеулер, сызықтық алгебра және ықтималдықр теориясы сияқты салалары бойынша тірек білімдері болуы керек, әрине. Дегенмен, біз оқушылардың математикалық дайындық деңгейінің түрлі болуы мүмкін екенін түсінеміз және мұны ескереміз. Сонымен қатар, осы магистрлік бағдарламада математиканың белгілі бір саласында білімін тереңдетуді қалайтындар сәйкес арнаулы курстарды таңдау арқылы өз ойын іске асыра алады. Атап кетейін, оқуға түсуде бағдарламалаудың тірек дағдылары болуы, соның ішінде, ең алдымен, Python тілінде бағдарламалай білуі қажет екенін ескеремін.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.