М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
26.04.2023

Магистратураға түсушілер үшін ашық есік күні!



2023 жылғы 23 сәуір күні М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында магистранттарға арналған ашық есік күні болып өтті.


Магистратураны таңдау дегеніміз – университет түлегінің өз өміріндегі маңызды және жауапты қадам жасау. Болашақ магистранттармен кездесу барысында ММУ Қазақстан филиалының басшылығы мен оқытушылары Филиалдағы магистратура бағдарламаларының артықшылықтары мен қабылдау емтихандарын өткізу ережелері туралы айтып берді.


Руководители


Дәстүр бойынша талапкерлерді ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің еңбек сіңірген профессоры Александр Владимирович Сидорович құттықтау сөзімен қарсы алып, қатысқандардың барлығына алғысын білдірді. «Құрметті бакалавриат түлектері, бүгін сіздер өмір жолыңыздың болашақ қадамын жасап жатырсыздар. ММУ Қазақстан филиалының магистратура бағдарламасы дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді!». Директор одан әрі магистратура бітірген соң, түлектердің жұмысқа орналасу барысындағы артықшылықтар туралы айтты.


Александр Владимирович екі жаңа магистратура бағытының ашылатыны туралы айтты. «Қолданбалы математика және информатика» бағыты бойынша «Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері» магистратура бағдарламасы Қазақстанның еңбек нарығы үшін жасанды интеллект саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Ал «Филология» мамандығы бойынша «Мәдениетаралық коммуникация және аударма» магистратура бағдарламасы ММУ Жоғары аударма мектебімен бірлесіп келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады және түлектерге «кәсіби коммуникация саласындағы аудармашы» мамандығын алуға мүмкіндік береді.


Қазіргі кезде магистранттар білім алып жатқан және табысты жзеге асырылып жатқан бағдарламаларға да сипаттама беріліп өтті. «Экономика» бағыты бойынша «Ұлттық экономика және экономикалық саясат» және «Қаржылық талдау» магистрлік бағдарламалары, ең алдымен, болашақ магистрлердің тәжіриелік әрекет дағдыларын иеруіне және оларды жұмысқа орналастыруға бағытталған. Осымен байланысты бағдарламалар аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросымен және Ұлттық банкпен ынтымақтастықпен жұмыс жасалуда. «Филология» бағыты бойынша «Орыс тілі өзгетілді аудиторияда» және «Медиалингвистика» магистратура бағдарламалары өзгетілді аудиториямен жұмыс істеу дағдысы бар орыс тілі мұғалімдерін және БАҚ қызметкерлерін дайындауға бағытталған.


Ашық есік күні Мәскеу университеті факультеттерінің өкілдерінің сөздерімен жалғасын тапты. Филиалдың математикалық модельдеу кафедрасының меңгерушісі, ММУ доценті Леонид Владимирович Крицков жаңа «Есептеу технологиялары мен жасанды интеллект әдістері» магистратура бағдарламасының ерекшеліктері мен мансаптық перспективалары туралы айтты. Одан кейін бағдарлама бойынша ММУ есептеу математикасы және кибернетика факультетінің профессоры Шишкин Алексей Геннадьевич таныстырылым өткізді.


«Ұлттық экономика және экономикалық саясат» және «Қаржылық талдау» магистрлік бағдарламаларының таныстырылымын жасай отырып, Филиал директоры, экономика кафедрасының меңгерушісі Александр Владимирович Сидорович және ММУ Қазақстан филиалының аға оқытушысы Юлия Владимировна Баева оның ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.


«Филология» мамандығы бойынша ашылмақшы болып отырған «Мәдениетаралық коммуникация және аударма» жаңа магистратура бағдарламасын филология кафедрасының меңгерушісі Галина Ивановна Власова таныстырды. Теориялық білімі терең, зерттеу әдістерінің мәселелерін түсінетін және орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың кәсіби деңгейі жоғары мамандарды дайындау мәселелері жөнінде ММУ филология факультетінің доценті Елена Юрьевна Николенко туралы айтып берді. «Медиалингвистика» бағдарламасы бойынша оқытумаман дайындаудағы теория мен тәжірибенің тығыз байланыстылығы жөнінде ММУ Қазақстан филиалының аға оқытушысы Бисембина Динара Асқарқызы баяндады.




Осыдан соң магистратураны бітірген түлектер сөз алып, олар ММУ Қазақстан филиалында магистр дәрежесін алудың арқасында өз мүмкіндіктерінің жүзеге асқаны туралы айтып берді. «Қолданбалы математика және информатика» бағытын бітірген «Свой Дом» серіктестігінің талдаушысы Арман Мадияров сөз сөйледі. Филология мамандығы бойынша магистратураның түлегі, «Хабар» телеарнасының спорттық бағдарламаларды тарату бөлімінің продюсері Зарина Құсанова БАҚ саласындағы қызметі туралы айтып берді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сыртқы сауда қызметі департаменті Сауда келіссөздері бөлімінің бас сарапшысы Байматов Темірлан Назарұлы оқуға қабылданғаннан кейін ашылған мансаптық перспективалары туралы айтып өтті.


Осындай мәнді кездесудің соңында директор талапкерлердің түрлі сұрақтарына, атап айтқанда, қабылдау емтихандарының мерзімі мен форматы, Қазақстан филиалының жатақханасына орналасу шарттары туралы сұрақтарына жуап беріп, Мәскеуде оқу туралы айтып берді.


Ашық есік күніне қатысушыларға алғысымызды білдіре отырып, оларды ММУ Қазақстан филиалының магистратура бағдарламасына түсуге тілек білдіретін талапкерлер қатарында күтеміз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.