М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
28.04.2023

Жеңіс туралы жыр жолдары


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері, отандастар мен журналистер қатысқан «Жеңіс диктантын» «Русский дом» ұйымдастырып өткізген болатын.




Бұл диктант, алдыңғы жылдардағыдай Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша білімді сынаудың бір кеңейтілген көрінісі болды. Диктантта Ленинград блокадасы, Курск шайқасы, осы күндері 80 жылдығы тойланып жатқан Сталинград шайқасы туралы сұрақтар қойылды. Қазақстан мен Қырғызстанда жасақталған аты аңызға айналған Панфиловшылар дивизиясының ерлігі туралы сұрақтар қойылды.





Сонымен бірге диктантқа қатысушыларға жуырда ғана көпшілік назарына ұсынылған ресейлік «Нюрнберг» фильмі көрсетілді.


Биыл «Жеңіс диктанты» Алматы, Орал, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және еліміздің басқа өңірлерінде де жазылды.


[Дереккөз: Русский дом в Астане]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.