М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.05.2023

«Түлек-2023» бос орындар жәрмеңкесі


2023 жылғы 26 сәуір күні бойынша бакалавриат және магистратураның барлық оқу бағыттарындағы студенттері үшін жыл сайынғы бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі болып өтті.


2023 жылы Филиалды математика, жүйелік бағдарламалау, экономика, филология және экология мамандықтары бойынша жоғары білімі бар 130 жоғары білікті бакалавриат пен магистратура түлектері бітіреді.




Бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесінің ашылуына байланысты құттықтау сөзінде ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович болашақ түлектер мен әлеуетті жұмыс берушілерге: «Бүгін біздің түлектеріміз бен жұмыс берушілердің кездесуін ұйымдастырып отырмыз. Бұл кездесудің көздеген екі негізгі мақсаты бар: біріншісі - түлектер үшін бұл өмірлік жолды таңдау, ал екіншісі - жұмыс берушілер үшін бұл болашаққа сеніммен бара алатын білімі мен тәрбиесі тамаша мамандарды іздеп табу». Александр Владимирович Филиалдағы оқыту практикалық-бағдарлы екеніне жұмыс берушілердің назарын аударды. Мұндай оқыту барысы түлектердің іргелі білімді меңгеріп, білімін өмірдің жағдаяттарында және еңбек нарығының қажеттіліктеріне тез бейімдел алу қабілеттілігін қалыптастырады. Сондай-ақ Директор кездесу нәтижесінде түлектер өздерінің болашағы туралы белгілі бір түсінік алады, ал жұмыс берушілер сенімді және болашағы зор қызметкерді табады деп үміттенетінін білдірді.


Болашақ түлектердің алдында Астана қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Д.Ж. Доголакова сөз сөйлеп, жастар үшін жасалынатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг бөлімінің аға менеджерлері Ж.С. Ибраева мен А.Д. Искакова мемлекеттік білім гранты есебінен білім алған түлектердің міндетті жұмыс жасау мәселесіне қатысты маңызды тұстарды түсіндірді.











Жәрмеңкенің жалпы бөлімі аяқталысымен, дайындық бағыттары бойынша кездесулер өткізілді.


«Экономика» бағыты бойынша оқу бітіргелі отырған түлектермен кездесуге «QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, сондай-ақ «BI GROUP», «Deloitte», «Ernst&Young», «KPMG», NC Consulting, «PricewaterhouseCoopers» компанияларының өкілдері қатысты.


«Түлек-2023» бос орындар жәрмеңкесінде «Математика» және «Қолданбалы математика және Информатика» бағыттары бойынша оқу бітіргелі отырған түлектермен кездесуге «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Astana Garden School» МКҚК өкілдері, Deloitte, Eurasian Resources Group, Ernst&Young компанияларының өкілдері қатысты.


«Филология» бағыты бойынша өткен осы кездесуге Назарбаев Зияткерлік мектебінің, «Sputnik Қазақстан» ақпарат агенттігінің, КАЗГЮУ Жоғары гуманитарлық мектебінің, Астана қаласындағы N30 мектеп-гимназиясының және «Astana Garden School» мектебінің өкілдері қатысты.


«Экология және табиғатты пайдалану» бағыты түлектерімен кездесуге «ЭКОС» ЖШС, «Мемлекеттік кадастр» РМК, Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдары ассоциациясы, «Қазгидромет» РМК, «NomadEco» ЖШС өкілдері қатысты.


Түлектерімізбен кездесу барысында магистранттар жұмысқа қабылдау бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, келген жұмыс берушілермен болашақ кәсіби қызметі туралы нәтижелі сұхбат құра білді.

 

 

Кездесуге келген барлық жұмыс берушілерге ММУ Қазақстан филиалында өткізілген «Түлек-2023» бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, түлектерімізбен кездескені үшін алғыс айтамыз! Ал өзіміздің түлектерімізге өмірлік маңызды қадамдарын жасауда сәттілік тілейміз!

Фото: К.С. Байрактар


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.