М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
18.05.2023

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндегі тарих сабағы


2023 жылғы 11 мамыр күні профессор А. Оразбаева филология мамандығының 1 курс студенттерімен «Қазақстан тарихы» сабағын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткізді.


Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Орталық Азиядағы ең жас және ең үлкен мұражай болып табылады. Онда 18 зал мен 5 заманауи көрме бар, студенттер солардың көпшілігімен таныса алды.


Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған үлкен көрме студенттерді алдымен қарсы алды. Экспозицияда Мысырдан әкелінген араб тіліндегі сирек материалдар көп. Сұлтан Бейбарыстың өмірі туралы жазба деректер және Мысыр мемлекетінің дамуы мен қалыптасуына Бейбарыстың қосқан үлесі туралы көптеген әдебиеттер ұсынылды.








2023 жылғы 13 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Палеонтология» залы ашылды. Оны көру бақыты біздің студенттерге бұйырды. Мұражайдың жаңа залында ежелгі тарихқа дейінгі жануарлардың қаңқалары қойылған. Студенттерді ерекше таң қалдырған және ең есте қалатын экспонат Тиранозавр Рекс болды. Экспозицияда ежелгі ірі жыртқыштардың қаңқаларынан басқа, ежелгі балдырлар, трилобиттер және басқа да микроорганизмдер қойылған.



Студенттер танысқан тағы бір зал қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне арналған «Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті» атты залдағы экспонаттар болды. Бұл залда қойылған жәдігерлер көшпелілер өркениетінің дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ұлттық құндылықтарын насихаттауда ерекше рөл атқарады. Экспозицияда 19-20 ғасырлардағы қазақтың зергерлік бұйымдары, дәстүрлі киім түрлері, зергерлік бұйымдар, кілемдер мен тұрмыстық бұйымдар қойылған. Бұл залда студенттер Қазақстан тарихының үлкен және өте маңызды кезеңімен танысып, халық өнерінің бірегей туындыларын, көне ескерткіштерді, жазба дереккөздерді тамашалады.


Музейде өткізілген сабақтың негізгі мақсаты студенттерді мұражайдағы түпнұсқа жәдігерлермен таныстыру, курсты қайталау және «Қазақстан тарихы» пәнінен алдағы емтихан алдында теориялық білімдерін практикалық жолмен бекіту болған еді. Студенттерімізге сәттілік тілейік!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.