М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.06.2023

Филологиялық дәстүр


Жыл сайын 19 қазан және 6 маусым күндері ММУ Қазақстан филиалының «Филология» бағыты студенттері мен оқытушылары Пушкин ескерткішіне келіп, ұлы ақын, жазушы, орыс әдеби тілінің негізін қалаушыны еске алады.




6 маусымда Қазақстан филиалы және Астанадағы «Русский дом» бірлесіп А.С. Пушкиннің туған күнін және Орыс тілі күнін атап өтті.




Астанадағы «Русский дом» өкілі Константин Павлович Воробьев шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп: «Бұл ескерткіш - Қазақстан астанасының көрнекті орны. Осында жиналып, А.С.Пушкинді еске аламыз. Баршаңызды ақынның туғанына 224 жыл толуымен құттықтаймын және орыс әдебиетін сүюді, орыс тілін және өз ана тіліңізді сүюді, өлеңмен өрілген сиқырлы сөздермен байланысты барлық нәрсені сүюді тілеймін. Александр Сергеевич жасай берсін!», - деді.

ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының профессоры Татьяна Васильевна Кривощапова өз құттықтауында Пушкин тағдырының Қазақстанмен қалай байланысты екендігі туралы: «Пушкинді әлемдік мәнмәтін аясына енгізу өте қиын болды. Пушкин шығармасы шығыс тілдеріне, еуропалық тілдерге аударылды. Шығыс халықтары үшін Пушкинді ашқандардың бірі - Абай Құнанбаев. Ол «Евгений Онегин» романынан 8 үзіндіні қазақшаға аударды... Бүгін біз осында жиналып Пушкинге тағы да бас иіп, оның шығармашылығына өз құрметімізді көрсетеміз!», - деді.

Құттықтау сөздерінен соң, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Осы күнге арналған іс-шара «Филология» бағытының 1 курс студенттерінің, жас филологтар мектебі түлектерінің, ММУ Қазақстан филиалындағы әдебиет пәні бойынша дайындық курсы тыңдаушыларының қатысуымен өткен дәстүрлі мәнерлеп оқу сайысымен жалғасты. Ақынның «Что в имени тебе моём?», «Признание», «К ней», «Кавказ», «Зачем ты послан был и кто тебя послал…», «Бесы», «Я памятник воздвиг нерукотворный», «Романс» («Под вечер, осенью ненастной…») т.б. өлеңдері оқылды.


Байқауға қатысушылар өлеңдерін шынайы сезімдерімен мәнерлеп оқыды. Байқау комиссиясы - ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары Г.И. Власова, Т.В. Кривощапова, М.А. Брянская, А.М. Чепкова осы іс-шараға қатысқан 1 курс студенттерінің ішінен жеңімпаздарды атады, олар:




I орын – Шмелькова Александра

II орын – Охман Ева, Мукаева Алина

III орын – Ементаева Амина, Капитанова Виктория, Шишканова Нина


Поэзияға деген сүйіспеншілігі үшін Astana Garden School мектебінің 8-сынып оқушысы Мамашева Шәди мен N52 орта мектептің 10-сынып оқушысы Зайнуллина Еркеге сыйлықтар берілді.


Осындай игі дәстүрлер сақталса, Пушкиннің шығармашылығы да өмір сүре береді, сондықтан «Филология» бағытының студенттері эстафетаны 19 қазанда ескерткішке биылғы оқу жылында қабылданатын бірінші курсқа береді.


Фото: Астанадағы «Русский дом»


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.