М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
17.09.2013

Талапкерлермен жұмыс бағдарламасының жұмысы басталады

Талапкерлермен жұмыс бағдарламасы

 

Талапкерлермен жұмыс бағдарламасы 2009 жылы наурыз айында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының бұйрығымен ұйымдастырылған, Филиалдың қосымша қызметіне жатады.

 

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • ММУ Қазақстан филиалында даярлау бағыттары мен мамандықтар бойынша жастарға кәсіби бағдар беру;
  • ММУ және басқа жоғары оқу орындарында оқу үшін талапкерлердің дайындық деңгейін көтеру;
  • Талапкерлерді ММУ-ға қабылдау емтихандары және шарттарымен таныстыру.

 

ММУ-ға қабылдау емтихандарына сәйкес пәндердің бәрін таңдалған мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып филиалдың білікті оқытушылар жүргізеді.

 

Курс сабақтары қазан айынан мамыр айына шейін өткізіледі. Курсқа жазылу 2013 жылдың 24 қыркүйегінен басталады. Курсқа тіркелуге құжаттардың мынадай кешені негіз болады:

  • тыңдаушының немесе оның ата-анасының өтініші;
  • кеңес беру қызметтерін көрсету жөнінде шарт;
  • жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
  • ақысын төлегені туралы квитанция.

 

Курста оқу ақылы. Оқу құны қызмет көрсету шығындарының жиынтығына сәйкес белгіленеді.

 

Ағымдағы оқу жылында сабақтар мына пәндер бойынша жүргізіледі:

математика – 120 сағат, аптасына 4 сағат;

ағылшын тілі – 120 сағат, аптасына 4 сағат;

физика – 60 сағат, аптасына 2 сағат;

география – 60 сағат, аптасына 2 сағат;

орыс тілі – 60 сағат, аптасына 2 сағат;

орыс тілі мен әдебиеті (филология факультетіне түсушілер үшін) – 60 сағат, аптасына 2 сағат.

 


Қабылдау мен оқу ережелері туралы шұғыл ақпаратты жұмыс күндері сағат 9.00-дан 17.00-ге дейін мына мекенжайдан: Астана қ., Қажымұқан көшесі, 11-үй (оқу-зертханалық ғимараты), 705-кабинет немесе мына телефон бойынша: 8 (7172) 35-43-87 – алуға болады.


Бағдарлама басшысы: Бекмағанбетов Қуаныш Әбдірахманұлы


Бағдарлама хатшысы: Мұхтарова Лариса Ивановна


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.