М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
31.10.2017

Қарағандыдағы русистердің күзгі мектебі


Бұрын хабарланғанындай, өзінің жұмысында заманауи ғылыми-әдістемелік жетістіктерді және орыс тілі мен әдебиетін оқыту саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын дәстүрлі IVрусистердің күзгі мектебі өзінің жаңа форматында – көшрелі түрде – ұйымдастырылып өткізілді.

Бұл іс Қазақстанның басқа қалаларының (Алматы, Қарағанды) орыс тілі мұғалімдеріне М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының жетекші оқытушыларының дәрістерін тыңдап, өздерінің біліктілігін көтеруге мүмкіндік берді.

Мектеп бағдарламасы аясында мұғалімдер шеберлік сыныптарына қатысып, панельдік пікірталастар ұйымдастыруға, орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіндегі жаңа үрдістерді әдістемелік семинарлар шегіндегі жаңа ғылыми зерттеулерді қарастыра отырып талқылауға мүмкіндік алды.

Осынау маңызды іс-шараға Қарағандының, Теміртау қаласының гимназияларының, лицейлерінің, менктептерінің 90-нан астам орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімдері қатысты.

Қарағандылық орыс тілі мұғалімдері жоғары оқу орны өкілдерімен өткізілген жаңа форматтағы өзара жьіріге отырып жұмыс жасаудың жаңа формасын асқан қызығушылықпен қарсы алды. Өйткені мұғалімдердің алдында орыс филологиясының саласындағы жоғары деңгейдегі мамандары – ф.ғ.д., профессор Т.В. Кривощапова, ф.ғ.к., доцент Г.П. Байгарина, ф.ғ.к., доцент С.М. Треблер сияқты ұстаздар дәріс оқып, сөз сөйлеген еді.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.